Ақтөбедегі темір жол вокзалы халықаралық талапқа сәйкестендіріліп келеді

Аймақтар
10.08.2021, 10:58
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол вокзалы – кез келген қаланың табалдырығы. Сондықтан оның тап-таза айнадай жарқырап жатуы, айналасы абаттандырылып, жайнап тұруы қалаға қадам басқан жолаушыға әдемі әсер сыйлайды. Биыл Ақтөбе вокзалы маңына орнатылған шамдар айналаны жарқыратып, жаңа аллея әсем саябаққа айналды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан облыс орталығының теміржол вокзалының іші-сыртын жаңарту, абаттандыру мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Стратегиялық нысанның айналасында бұрынғыдай заңсыз сауда жасаушылар мен қаңғыбастар мүлде жоқ. Теміржол бойын шөптен тазалау, перронды, вокзал маңын жарықтандыру, белгілерді жаңарту, сырлау жұмыстары жаз бойы қарқынды жүрді.

«Инженерлік инфрақұрылым қаланы одан әрі дамытудың фундаменті болып табылады. Ақтөбе вокзалы арқылы бір күнде мыңдаған адамды қабылдап шығарып саламыз. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау басты міндетіміз болғасын биыл вокзал айналасында ауқымды өзгерістер енгіздік. Жергілікті қала әкімдігімен вокзал алдына аллея салынды. Қазір Кереев көшесі жарқырап тұр. Жолаушыларға да ерекше көңіл-күй сыйлайды. Әсемдікті сақтау үшін вокзал қызметкерлері сенбі сайын кезекпен сенбілікке шығады», – дейді Ақтөбе теміржол вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев.

Сонымен қатар, перрондағы мүжілген тұстар қалыпқа келтіріліп, вокзал ішіне толықтай ыстық су жүргізіліпті. Екінші қабаттағы ескірген жылу құбырлары жаңартылып, ескі кафельдер ауыстырылған. Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде ТБО жәшіктері де жаңартылған.

«Биыл вокзал сыртында да, ішінде де көп жұмыстар жүргізілді. Әсіресе , жолаушылар жүгі сақталатын 0-қа- баттағы қойма толық жөндеуден өтті. Бұл жердегі ескі едендер алынып, кафель төседік. Төменгі қабатқа да ыстық су жүргізілді. Вокзал халықаралық талаптарға сай жұмыс істеп тұр», – дейді вокзал басшысы.

Елдегі пандемия жағдайына байланысты Ashyq бағдарламасымен жұмыс жасап тұрған вокзалда барлық санитарлық талаптар сақталған. Жолаушылар мен оларды шығарып салушылардың дене қызуы өлшеніп, Ashyq бағдарламасымен ғана кіргізіледі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды