Маңғыстаулық үздік теміржолшылар марапаты

Аймақтар
11.08.2021, 09:37
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда ғана аталып өткен көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай үздік теміржолшыларды марапаттау Маңғыстау темір жолында әлі де жалғасын табуда. Өткен апта соңында Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің Маңғыстау қосалқы бөлімшесінде бір топ мамандар еңбегі ескеріліп, түрлі марапаттармен марапатталды. Пандемияға байланысты шағын форматта ұйымдастырылған аталған жиында бөлімше бастығы Нәжімеден Ғұбашов теміржолшылардың жұмысына тоқталды.

– Бүгінде Маңғыстау теміржолының жеткен жетістігі – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Теміржолшылардың жұмысы – жауапкершілігі жоғары және әр секунд сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетін жұмыс. Өйткені, кез келген техникада күшпен қатар қауіп-қатер жүреді. Теміржолмен жолаушылар мен жүктерді тасы- малдайтын пойыздар қозғалысында алда не боларын болжау қиын. Бұл ретте әр қызметкердің сабырлылығы мен ұқыптылығы, өз ісіне жауаптылығы ең бірінші шешуші фактор болып табылады. Сондықтан теміржол басшылығы салада еңбек етіп жатқан азаматтардың еңбегін жоғары бағалайды. Еңбек ешқашан еш болмайды, кеше ғана Маңғыстау вагон пайдалану депосының бас инженері Құбайдолла Дүзікбаев саладағы ең жоғарғы награда – «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Сіздердің де сондай жетістікке жетуіңізге тілектеспін! – деген Нәжімеден Бақтығалиұлы бір топ қызметкерді «ҚТЖ» ҰК Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сондай-ақ, бөлімшенің кадр бөлімі бастығы Екпін Қожахметов Сала кәсіподағы төрағасы Оразғали Ахметбаевтың алғыс хатын алды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті