Шалқар-Бейнеу желісінің салынуына үлес қосқан теміржолшының еңбегі еленді

Аймақтар
11.08.2021, 09:44
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда кәсіби мерекеге орай «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Сәндібек Аманбаев – өңірдегі тәжірибелі теміржолшылардың бірі. Республикаішілік көлік қатынастары мен транзиттік ағындардың өту жағдайларын оңтайландыруда маңызы зор жоба – «Бейнеу-Жезқазған» теміржолының құрылысына бастан-аяқ қатысқан кейіпкеріміз үшін теміржолшы мамандығы атакәсіп саналады. Ол Шалқар ауданындағы кішкентай станцияда теміржолшылар отбасында туып-өскен. Еңбек жолын 1993 жылы Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясында электр монтері болып бастаған Сәндібек Тағыбергенұлы 46 жаста. Жас та болса терең білімімен, кез келген жағдайда жол таба білетін біліктілігімен ел аузына іліккен маман. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін берген «Бейнеу-Жезқазған» теміржолының Шалқар-Бейнеу желісінің салынуына үлес қосқан еңбегі ерекше.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еңбек майданына келген жастардың бірі болдық. Бұл марапатты еңбегімізді бағалап, алдағы жұмысқа сенім арту деп түсінеміз. Аса ауқымды жоба – Шалқар-Бейнеу аралығындағы құрылыс жұмысына қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Тасымалдау қашықтығын қысқартып, жүк тасымалы қызметінде экспорттық байланысқа ерекше серпін берген бұл магистраль сенімді ақтады», – дейді теміржолшы.

Кейіпкеріміздің әкесі станция бастығы, анасы теміржолшылар мектебінің ұстазы болыпты. Өзі Шалқар ауданындағы теміржолшылар балабақшасында тәрбиеленіп, теміржолшылар мектебінде білім алды. Әрі қарай теміржол техникумында, көлік және коммуникациялар академиясында оқыды. Яғни, көз ашқалы көрген ортасы теміржолшылар болғасын оның басқа салаға бетбұруы да мүмкін емес еді. Ал атакәсіпке адалдығы абыройға жеткізіп отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды