Қызылордада машинистер 7 айда 59 рет пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды

Аймақтар
13.08.2021, 10:45
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясы бөлімшенің Түркістан мен Жосалы станциясы арасындағы телімдерде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне жауап береді. Жыл басынан бері дистанция теміржолшылары тарапынан қозғалыстың бұзылуына жол берілмей, қандай да бір апаттық жағдайлар, оқыс оқиғалар орын алмаған. Дегенмен, қауіпсіздікке төрт түліктен, одан қалды бейсауыт жүрген адамдардан төнетін қауіп сейілмей тұр. Жыл басынан бергі жеті айда пойыз машинистері 59 мәрте жедел тежегіш қолданса, шілде айының өзінде 8 рет оқыс тоқтауға мәжбүр болған. Қызылорда жол дистанциясының 2-өндірістік телім басшысының орынбасары Рүстем Досымовтың мәлімдеуінше, жылжымалы құрам машинистерінің жедел тежегіш қолдануына мәжбүрлеген 59 жағдайдың тең жартысына жол үстіне шығып кеткен иесіз мал себеп болса, жартысы бөгде адамдардың кесірінен болып, пойыздар кестеден кешіккен. Оқиғалардың басым бөлігі дистанцияның 1 және 2 телімдерінде, яғни тұрғындар тығыз қоныстанған аумақтарында орын алған.

– Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін теміржолдың қауіп-қатері жайлы халыққа түсіндірудей-ақ түсіндіріп келеміз, жол бойына сым қоршаулармен бөгет жасау жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, аталған кедергілер сейілер емес. Әсіресе 2725-2781- 2826-3030 шақырымдарда, тұрғындар жиі қоныстанған елдімекендерде пойыздар қозғалысына төнетін қауіп көп. Жол бойындағы халықты аралап, жолға жақын мал жаю, теміржолды белгіленген жерлерден ғана кесіп өту ережелерімен таныстырып, ҚР кодексінің 439-бабына сәйкес кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылатындығын ескерткенмен нәтиже болмай тұр, – дейді Рүстем Досымов.

Дистанция басшылығы оқыс оқиғалар жиі орын алатын Шиелі станциясы маңына, Қызылорда қаласының Шұғы- ла-КБИ, Белкөл және ЦКЗ шағын аудандары тұсындағы қауіпті саналатын орындарға теміржол өткелін, көпір салу қажеттігін және ЖІІб инспекторларының тұрақты бақылауға алып кезекшілік ұйымдастыруын ұсынып тиісті орындарға бірнеше мәрте ресми хат жолдаған, алайда олардан да еш әрекет болмай тұрған сыңайлы.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті