Жамбыл вагон пайдалану депосының мамандары соңғы кезде бақылауды күшейтті

Аймақтар
13.08.2021, 11:47
Жамбыл вагон пайдалану депосының басшылары мен командалық-инструкторлық құрамы технологиялық процесс талаптарының сақталуын жоспарға сай тексеріп отырады. Депо басшысы Талғат Жасұзақовтың айтуынша, кепілдік учаскелерде пойыздардың вагондарды ағытпай өтуі бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету пункттерінің вагондарды дайындау сапасына бақылауды күшейту бағытындағы шаралар да үнемі жетілдіріліп отырады.
«Деподағы күрделі жөндеу жұмыстары, технологиялық процестер, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік құжаттар негізіндегі жұмыстар, олардағы талаптардың орындалуы назардан түскен емес. Вагон қабылдаушылардың бақылауын қамтамасыз ете отырып, жоспарлы жөндеу түрлерінен вагондарды қабылдау сапасын арттыруға мән береміз. Негізгі техникалық қызмет көрсету пунктінің мамандары да пойыздарды өңдеу сапасын жақсарту бойынша тұрақты бақылау жүргізеді», – деп атап өтті Талғат Советұлы.
Депо басшылары мен командалық-инструкторлық құрам әрбір тексерудің нәтижелері бойынша анықталған өзгерістердің туындау себептеріне егжей-тегжейлі талдау жасайды. Анықталған ескертулерді жою және қайталауға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталады. «Аталған жоспардың аясында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүк вагондарының құйылған бөлшектерінің сыну жағдайларын болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау мақсатында «Бүйір жақтауын бақылаудың» төрт айлығы өтті. Сонымен қатар телеграфтық нұсқау негізінде ақаулы доңғалақ жұптарының, арбалардың құйылған бөлшектерінің, тежегіш жабдықтарының және автотіркегіш құрылғыларының ақаулары қаупін төмендету үшін «Жоғары қырағылық» айлығын өткіздік. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының тапсырмасымен «Кәсіби білікті арттыру» айлығын жарияладық», – дейді Талғат Жасұзақов. Маманның айтуынша, теміржол тасымалында тұтқалары, баспалдақ сатылары, алаңдарының ақаулары бар жүк вагондары пайдаланылып жатады. Ал бұл теміржолшының өндірістік жарақаттар алуына себеп болады. Сондықтан осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында «Вагонның (тұтқалар, сатылар, алаңдар) технологиялық тұрақтылығының тиімділігі» атты еңбекті қорғау айлығы ұйымдастырылған. Мұнымен қоса, тұрмыстық-техникалық қалдықтарды тасымалдауды қабылдау кезінде тиеуді сапалы қарау бағытында арнайы шаралар өткен.
«Мамыр айында Шу, Тараз, Түрксіб станцияларында сұрыптау нүктелерінде вагондарды тарату технологиясын сақтау бойынша іс-шаралар легін өткіздік. Бұлардың әрқайсысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, есептер ұсынылды», – деген депо басшысы бұл шаралар саладағы жұмыстарды ширатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті