Маңғыстауда кірме жолдар қауіпсіздігі пысықталды

Аймақтар
20.08.2021, 10:15
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолда жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуі, соғысуы секілді оқиғалар көбіне кірме жолдарда орын алып жатады. Сондықтан кірме жолдар, ондағы қозғалыс қауіпсіздігі назардан тыс қалмауы тиіс, деп хабарлайды Rail-news.kz. Маңғыстау бөлімшесінің Өзен станциясында ревизорлар, кірме жолдардың иелерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Онда "Өзенмұнайгаз" АҚ, "УПТОК", "КазРосимпекс", "Әлия", "Ақжол" ЖШС иелеріне кірме жолдарда орын алатын апатты жағдайлардың себептері мен жағдайы туралы ақпараттар берілді.

– Биыл өткен 7 айдың жұмыс қорытындысына келсек, жалпы Қазақстан теміржолы бойынша келеңсіз жағдайлардың көбі кірме жолдарда маневрлік жұмыстар кезінде ережелердің бұзылуы, яғни вагондардың өз беттерінше қозғалысқа түсуі, жылжымалы құрамды тіреуіш табандармен дұрыс бекітпеу және жолдың жоғары төсемінің техникалық жағдайының, яғни бағыттама бұрмалары, шпал мен рельстің сапасыздығынан болған. Бірақ мұндай оқиғалар Маңғыстау өңірінде болған жоқ, дегенмен алдын алу шарасы ретінде осындай кеңестерді жоспарға сай өткізіп отырамыз, – дейді Маңғыстау ЖТ қосалқы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов.

Осындай оқиғалардың біреуін талқылау кезінде «УПТОК» кірме жолының жетекшісі М.Өтесінов «әрбір осындай тармақ иелері темір жол нұсқаулығы талаптарына сай жұмыс істеуі керек» деп пікірін білдірді. Расында теміржол аса қауіпті аймақ екенін ескерсек, әрі қандай жағдайда да Қазақстан теміржолының атына нұқсан келетіндіктен, кірме жолдар иелері теміржолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Аталған жиын соңында кірме жолдардағы жұмыстар кезінде жіберілетін кемшіліктерді жою шаралары қабылданды.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады