Жергілікті халық асыға күткен жаңа пойыз маршруты ашылды

Аймақтар
20.08.2021, 12:42
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бір қарағанда дабырайтатын дәнеңе жоқ сияқты. Облыс орталығынан шалғайдағы Құрманғазы ауданына көптен күткен жаңа пойыз маршруты ашылды. Бірақ, жергілікті халық үшін бұл бірнеше жылдан бері айтыла-айтыла жауыр болған өзекті мәселе еді. Сондықтан атыраулықтар үшін 17 тамыз өлке тарихындағы ерекше күн болды. Облысішілік мұндай маршруттың ашылуы – жалпы облыс тарихын- дағы алғашқы жағдай. Атырау мен Дина Нұрпейісова станциялары аралығында жүретін пойызға жергілікті халықтың сұранысы жоғары болғаны сонша, небәрі үш вагоннан тұратын пойыз билеті әп-сәтте сатылып кеткен. Бұрынғы халықаралық Душанбе-Москва, Ташкент-Саратов, Атырау-Астрахань пойыздары былтырғы жылы пандемия басталғалы тоқтады. Облыс орталығынан 300 шақырым жерге қатынау қиынға түсті. Атырау-Астрахань республикалық автожолы болса күрделі жөндеуге жабылды. Халық қолы кесілгендей күй кешті. Автобус қатынамайды, таксилердің бағасы аспандап тұр: бір адамға екі мыңнан 10 мыңға дейін барды. Оның үстіне күрежолдың бойында көлік апатының жиілеп кеткені де халықтың үрейін ұшырып бітті. 60 мың тұрғыны бар Құрманғазы және 30 мың тұрғыны бар Исатай аудандарының халқы облыс орталығына қатынаудың қиындығын әбден көрді. Ақырында биылғы сәуір айында жаңа маршрут ашу жөнінде мәселе көтеріле бастады. Құрманғазы ауданына пойыз жүргізу мәселесі облыстық мәслихатта қаралып, мақұлданды. Соған сәйкес 13 шілдеде облысішілік Атырау-Д.Нұрпейісова станция- сы бағыты бойынша теміржол тасымалдаушысын анықтау мақсатында ашық конкурс өтетіні туралы хабарландыру жарияланып, нәтижесінде «Otpan Logistic» компаниясы жеңімпаз болып танылып, маршрутқа тапсырыс беруші облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасымен 5 жылға келісім-шартқа отырды. Атырау-Аққыстау-Ганюшкино-Д.Нұрпейісова бағытындағы №631/632 пойыз құрамында үш вагон: 54 орындық 1 плацкарт және әрқайсысы 81 орыннан екі жалпы вагон бар. Вокзал кассасының меңгерушісі Ажар Ахметованың айтуынша, билеттер 14 тамыз күні кештен бастап сатыла бастаған. Ал нақ пойыз жүрер күні бір орын да қалмапты. Пойыз Атырау станциясынан жергілікті уақытпен таңертеңгі 11:00-де жүріп кетті. Ақырғы станцияға кешкі 17:13- те барады. Екі арада 20 станция, разъезд бар. Жолда жүру уақыты 6 сағаттан астам. Кейін қарай 18:26-да шығып, түнгі бірден кете Атырау станциясына келеді. «Otpan Logistic» компаниясының жолсеріктері жолаушыларды пойызға тек қана билетпен кіргізуде және қолдарындағы «Жолсеріктің мобильді терминалы» бойынша электронды билеті бар жолаушыларды тексеріп тұр. Жолаушылардың қуанышында шек жоқ. Бәрі де жаңа пойыз маршрутының ашылғанына дән риза. Билет құны да көңілден шығады. Жалпы вагонға билет құны ақырғы станцияға дейін 895 теңге болса, плацкарт – 2475 теңге. «Otpan Logistic» компаниясының директоры А.Борашевтің айтуынша, жолауышыларға әзірге үш вагонмен қызмет көрсетіледі. «Алдағы уақытта халықтан сұраныс болып жатса, тағы да вагондар санын көбейтуге мүмкіндіктер бар, сондай-ақ, пойыздың жүру уақытын да өзгертуге болады» дейді ол.

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды