Ақтөбе вокзалында ұлттық киімдер жәрмеңкесі өтті

Әлеумет
04.03.2022, 18:52
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалы бір сәтке сұлулық алаңына айналғандай. Халықаралық әйелдер мерекесі құрметіне мұнда кеше қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан жүзден аса сән үлгісі көрсетілген отандық өнімдердің жәрмеңкесі өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Батыс аймақтық филиалының қолдауымен өткен шара ел аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Көктем мерекесі қарсаңында жолаушыларға ерекше көңіл күй сыйлаған шара отандық дизайнерлер жұмысын қолдауға да бағытталған. Жолаушылардың күту залын сән әлемінің салтанатты подиумына айналдырған жәрмеңкені тамашалаушылар да көп болды.

«Теміржолшылар қазақтың ұлттық өнерін, киім үлгісін қолдауға дайын. Оның үстіне эпидемиологиялық жағдайда еліміз жасыл аймаққа өтті. Көктем айы келді. Ұлттық ән мен ұлттық киім жолау- шыларға рух берері сөзсіз. Біз ақ жаулықты аналар мен барлық қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтаймыз», – дейді Ақтөбе вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев.

«Махаббатқа асығыңыз...» атты сән көрсетілімі жолаушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, этно стиль, заманауи үлгідегі киімдер, сәукелелер мен сәнді киімдер көрсетілімі ұлттық әнмен әдемі астасып жатты...

«Ақтөбе темір жолы мен вокзал басшылығына алғысымыз шексіз. Шараны өткізуге бұл жер кездейсоқ таңдалмады. Сан мыңдаған жолаушылар ағылып жатқан вокзал қашан да қауышу мен табысу орны болған. Жолаушыларға сәтті сапар тілейміз», – дейді дизайнер Гүлнар Сахатова.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті