Шалқарлық теміржолшылар бір отбасының баспаналы болуына ұйытқы болды

Әлеумет
25.03.2022, 09:47
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар қаласы атанған Шалқарда қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, көп балалы отбасыға 2 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Жүрек жылытар игі шараның ұйымдастырылуына жергілікті вагон депосының ұжымы мұрындық болды.

Шалқар вагон депосы наурыз мерекесі аясында өткен 10 күндік іс-шара жоспарына сай «Игі істер» күнін, расымен, игілікті де сауапты шараға айнал- дырды. Шалқардағы теміржол мекемелері аудан орталығындағы техникалық колледж ауласына киіз үй тігіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа көпбалалы отбасынан шыққан колледж студентіне екі бөлмелі пәтер сатып алынды.

«Әрқашан мейірімділік пен игі істерге толы және ұлттық дәстүрімізбен үндескен бұндай шаралар өз жалғасын таба берсін» деп ақсақалдар бата берді.

Мерекелік шараға барлық ұжым мүшелері қазақтың ұлттық киімін киіп келіп, мереке ажарын аша түсті. Аулаға ағаш үй тігіліп, мал сойылып, қазан асылды, наурыз көже пісірілді. Теміржолшылар ауыл-ауылға бөлініп, ұлттық дәстүрімізге негізделген қыз ұзату, бесікке салу, қырқынан шығару дәстүрлерін сахналап, ойындар ойнатылды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті