Ақтөбе вокзалына келген жолаушылар наурыз көжеден дәм татты

Әлеумет
25.03.2022, 09:30
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні теміржол вокзалында келген-кеткен жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күнінің символы. Жеті түрлі дәмнен жасалатын тағамды ырымшыл халқымыз «құт-береке келсін» деген ниетпен әзірлейді. Ұлттық дәм бұл күні Ақтөбе теміржол вокзалына жолы түскен барлық жолаушыларға ұсынылды. Ұлттық киімде жүріп қызмет жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған теміржолшылар ақжаулықты аналар мен үлкен кісілердің батасын алды.

«Наурыз мерекесі құтты болсын. Елімізде бейбітшілік болып, жылдан жылға аман жетейік. Жолаушылардың атынан теміржол қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Дастарханымыз кең, асымыз мол болсын. Еңбектеріңіз жемісті болсын, қымбатты теміржолшылар», – десті вокзал алаңына жайылған наурыз көжеден дәм татқан жолаушылар.

«Ұлтымыздың мерейін өсіріп, болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Карантиндік жағдайға байланысты екі жылдан бері ұлттық мерекемізді өз деңгейінде тойлай алмай келеміз. Еліміз індеттен аман болып, әлемде бейбіт заман болсын», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Айша Ербайқызы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды