Іс-шара ұжымның жалпы дене жаттығуларын жасаудан басталды. Бұл күні бөлімшеде медициналық кабинет те ашылды. Дәрігерлер қан қысымын, қандағы глюкоза деңгейін өлшеп, дене салмағының индексін анықтады.

Теміржолшыларға жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің және т.б. аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес берілді.

 Ең белсенді теміржолшылар волейбол турниріне қатысты. Екі команда: Көкшетау бөлімшесі мен станциясы жарысты. Бірінші орынды бөлімше  спортшылары иеленді.