Маңғыстауда «маймыл шешегінен» сақтану шаралары жүріп жатыр

Әлеумет
14.06.2022, 11:43
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде 1 500-дей адамнан «Маймыл шешегі» анықталыпты. Осы індеттен қалай сақтануға болатыны туралы тиісті мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарас- ты санитарлық-карантиндік бақылау бөлімдері шетелдермен байланысы бар теміржол шекараларында Бейнеу және Болашақ станцияларында орналасқан. Жыл басынан бері Бейнеу арқылы көрші өзбек елінен 4539 адам шекарадан өткен. Өйткені, бүгінде аптасына үш рет Бейнеу-Нукус арасында жолаушы пойызы қатынап тұр. Басқарма мамандары, келген жолаушылардың барлығы жанаспайтын термометриядан өткізілетінін айтады. Қандай жағдай болмасын мамандардың эпидемияға қарсы іс-қимыл алгоритмі дайын. Ал Болашақ-Түркіменстан бағытында жолаушы тасымалы қазір болмағандықтан, бұл шаралар тек қандастар көші келгенде ғана қолданылады.

– Біз қазір теміржол мекемелеріне барып, «Маймыл шешегі» бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл аурудың инкубациялық кезеңі 5-21 күн аралығын құрайды. Ауру белгілеріне келсек, қызудың көтерілуі, дененің ауруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы болады. Елімізде қазір мұндай дерт фактісі тіркелген жоқ, десек те, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, біліп жүрген артықтық етпейді. Маймыл шешегінің негізгі көзі – жабайы жануарлар, яғни приматтар мен кеміргіштер (тиін). Инфекция жұқтырған жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен, сондай-ақ ауру жануардың етін пайдалану арқылы да пайда болуы мүмкін. Сондықтан шет елдерге жиі шығатын, шетелдермен байланысы бар адамдар аса сақ болғаны абзал, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жұмағаным Кенжалиева.

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі