Маңғыстауда қауіпсіздік тақырыбына арналған суретші балалар сайысы өтті

Әлеумет
14.06.2022, 11:45
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау өңірінде «Қауіпсіздік палитрасы» тақырыбында теміржолшылар балаларының сурет сайысы өтті. Сурет байқауына 8-14 жас аралығындағы отыз шақты бала қатысты.

– Салалық теміржолшылар кәсіподақ ұйымының отыз жылдығына орай өткізілген бұл сайыс – балаларымызға қауіпсіздікті ұқтырып, өз өмірін сақтауға септігін тигізетін маңызды шара. Қатысқан балалардың еңбегін көріп қуандық. Тақырыпты түсінгендері көрініп тұр. Теміржол жанында доп ойнауға, жолдан жүруге, ортасында отыруға болмайтынын суреттепті. Олар ертең мұны достарына да айтып, теміржолда қауіпсіздікті сақтауға шақыратыны анық, – дейді Орталық теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстау өңіріндегі өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов.

Сайыс қорытындысында балалар әр мекемеден келген топтар бойынша жеңімпаз атанып, бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болды.Оларға диплом, сурет салу құралдары, ойыншық сияқты дүниелер табысталды. Кәсіподақ өкілі тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті. Теміржолшылардың балалары биыл жазғы лагерьге баратын болды. Пандемия кезінде тоқтап қалған бұл жазғы демалыстың қайтадан ұйымдастырылып, жандануы шынында тамаша жаңалық еді.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды