Бір топ теміржолшы қарттар үйіндегі бұрынғы әріптестерін қуантып қайтты

Әлеумет
14.10.2022, 10:52
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қарттар үйінен пана тапқан қариялар өкінішке қарай, аз емес. Батыс Қазақстан облысындағы осындай орталықтардың бірі бірнеше жылдан бері теміржолшылар жиі бас сұғатын орынға айналды. Себебі 75 жастағы теміржолшы Котова Татьяна Ивановна он жылдан асты осында тұрады.

Батыс Қазақстан темір жолының Переметное станциясында инженер-техник болып ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан Таня әжейдің бүгінде теміржолшылардан басқа жақыны жоқ. Оны әлеуметтік орталыққа іздеп келетін, жағдайын сұрап хабарласатындар да кешегі әріптестері. Осы аптада Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай бастаған бір топ теміржолшылар қарттар үйіне арнайы келіп, Татьяна Ивановнаны қуантты. Өткен қарттар күнімен құттықтап құшағын гүлге толтырып, азық-түлік себетін қоса тарту еткен теміржолшы әріптестерінің сонау Ақтөбеден ат арытып келгеніне риза болған Таня әжей алғысын айтып, көз жасын сығып алды.  

«Кешегі теміржол тарихының көзі тірі кейіпкері – қарттарымыз қандай құрметке де лайық. Маңдай терін төгіп, осы шойын жолдың дамуы үшін еңбек еткен жанның қарттар үйінде тұрып жатқаны біздің де қабырғамызға батады. Сондықтан Татьяна Ивановнаның жиі көңілін аулап, хабарын алып тұруға тырысамыз, әр мерекеде ұмыт қалдырмаймыз», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Аманғалиұлы.  

Татьяна Котова 1947 жылдың 16 қазанында Беларусь елінде көп балалы отбасында туған екен. 1961 жылы Саратов облысына қоныс аударады. 1968 жылы тұрмысқа шығып, БҚО-ның Бәйтерек ауданы Переметное ауылына келіп, біржолата тұрақтап қалған. Қазақстанда ешбір жақын туысы қалмаған Татьяна Ивановна 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Переметное ауылындағы қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықта тұрады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды