Теміржолшылар мен желілік полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды

Әлеумет
15.11.2022, 10:17
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тал түсте суицид жасауға оқталған келіншекті теміржол бойының тәртіп сақшылары құтқарды.

Оқиға Ақтөбе станциясы аумағында болған. Абырой болғанда секіруге оқталған келіншектің әрекеті уақытында хабарланған. Жүріп келе жатқан пойыз астына ұмтылған әйелді теміржолшылар мен желілік полицейлер тоқтатты.  

«Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері Әділет Құрманбаев пен Шыңғыс Қамбарбеков әйелмен сөйлесіп, мұндай әрекеттен бас тартуға көндірді. Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, оған алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», – дейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Тексеру барысында өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаның Ақтөбе қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік сақшыларының айтуынша, теміржол бойында өз-өзіне қол жұмсауға оқталу әрекеті бірінші рет болып тұрған жоқ. Жыл басынан бері көлік сақшылары 3 рет суицид оқиғасының алдын алды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды