Вокзалдарда тұмаудың алдын алу шарасы күшейді

Әлеумет
09.12.2022, 10:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс аймақтық теміржол станциялары мен вокзалдарында тұмаудан сақтану және жедел респираторлы  вирустық инфекцияның алдын алу жұмыстары күшейді.

Ақтөбе көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық мамандар теміржолшылар арасында тұмаудан сақтануға қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе жолаушы тасымалына тікелей жауапты мекемелерде сақтық шараларын екі есе күшейту керектігі айтылды.  

«Эпидемиялық болжауға сәйкес алдағы індеттік кезеңде тұмаудың және басқа да ЖРВИ індеттерінің көтерілуі желтоқсан-қаңтар айларына, ал төмендеуі наурыз-сәуір айларына келеді. Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі тұмауға қарсы екпе алу болып табылады. Әр адам аурудың алдын алу үшін дер кезінде екпе алу туралы ойланғаны жөн, себебі тұмауға қарсы екпе алу, тұмау індеті деңгейін едәуір төмендетеді», – дейді Ақтөбе аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сұлушаш Жұмағазина.  

Тұмау соңғы жылдары бүкіл әлемде жаппай өршуге, тіпті эпидемияға әкеп соқтыратын дертке айналды. Жыл сайын тұмауға қарсы профилактикалық екпе егу қазан айынан басталады. Жергілікті бюджеттен ақысыз вакцинациялауға жататын адамдар медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіз және жиі ауыратын балалар, балалар және сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар мен мүгедектер үйлерінің тұрғындары, жүкті әйелдер және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар алулары тиіс. Тұмауға қарсы тұрғындарды ақылы түрде вакцинациялау аудандық емханада, елді мекендер бойынша емдеу-профилактикалық мекемелерде жүргізіледі.  

Осылайша індет қаупін түсіндірген мамандар теміржолшыларды екпе алуға шақырды. Сондай-ақ ғимарат ішін жиі ылғалдап сүрту, антисептиктер қолданып жүруді естен шығармауға шақырды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды