Соңғы екі жылда жалақы 55 пайызға өскен

Әлеумет
28.04.2023, 10:56
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінекеев Ақтөбе филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Батыс» филиалы бойынша кәсіподақ төрағасы Ғабит Садықов бастаған теміржол мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелері де онлайн форматта өткен жиынға қатысты. Әскерилендірілген теміржол күзеті мекемесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Әділхан Аймағамбетов қызметкерлердің еңбек демалысын ұйымдастыру, еңбекті қорғау мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, сала кәсіподағы ұйымының басшылықпен бірлескен жұмысты нәтижесінде жалақыны 10 пайыз өсіруге мүмкіндік туғанын жеткізді.  

«Өндірістік сектордағы жұмыскерлердің еңбек өтіліне қарап, еңбек демалысының күндері 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылды. Соңғы екі жылда жалақы 55 пайызға өсті. Ең бастысы – жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздікке көңіл бөлу мақсатында техникалық инспекторлардың кәсіби біліктілігін арттыруға назар аударылды. Техникалық инспекторларды материалдық ынталандыру және көтермелеу үшін оларға ұжымдық шарт арқылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша 3 күн қосылды. Енді техникалық инспекторларды оқытуға кәсіподақтан қолдау күтеміз», – деп атап өтті бастауыш кәсіподақ төрағасы.  

Жиын барысында сөз алған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Батыс» филиалы бойынша кәсіподақ төрағасы Ғабит Садықов жергілікті кәсіподақ ұйымының қызметіне, оның жұмыс берушімен тығыз қарым-қатынасына өз бағасын берді. Сондай-ақ, еңбеккерлердің жалақысын арттыру мәселесі салалық кәсіподақтың назарынан түспейтінін атап өтті.  

«Кәсіподақтар федерациясы ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін түрлі алаңдарда айтып келеді. Соның арқасында елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсті және әлі де өседі, сонымен қатар, ең төменгі жалақыны анықтау, оның ішінде оны индекстеу әдістемесін әзірлеу бойынша кәсіподақтардың көптен бергі бастамасы қолдау тапты. Сондай-ақ, еңбекақы жүйесін анықтау механизмдерін қайта қарау туралы ұсыныс жасалды», – деді Мұхтар Тінекеев.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды