Теміржолшылардың да кәсіппен айналысуға мүмкіндігі бар

Әлеумет
30.06.2023, 09:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың да кәсіппен айналысуға мүмкіндігі бар. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен бірге аймақтағы станцияларды аралап, теміржолшыларды «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Аймақтағы қос басшы, облыс әкімі мен салалық ведомство жетекшісінің бірге ел аралауы жергілікті теміржолшы халық үшін де тиімді болды, барлық станцияда тұрғындармен кездесулер өтіп, шағым-тілектері тыңдалды. Ауылдағы елдің жайымен танысқан өңір басшысы әр адам ауқатты тұруға тырысуы керектігін айтты. Теміржолшыларды «Ауыл аманаты» жобасы мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кепілге қоятын мүлкі жоқ ауыл азаматтарының жағдайын жақсартуға бағытталған жобаның тиімділігін тәптіштей түсіндірді.

– Жағдайы жоқ азаматтарға тауарлы несие ешқандай кепілсіз беріліп жатыр. 3 мың 700 малды тұрмысы төмен халыққа таратып бердік. Бірінші жыл демалыс. Екінші жылдан бастап малдың төлімен қайтарады. Он сиыр алса, жылда төрт бұзаудан қайтара алады. Ешқандай кепілсіз, ақшасыз тауарлы несие алу мүмкіндігі жасалып отыр. Жұмыс істеуге ниет білдірген барлық азаматты қолдаймыз. Болашақ – орта және шағын бизнесте. Мұнайымыз бар кезінде бұл жұмыстарды жайлап жобаға қойып алуымыз керек. Бұл жерде жобаға қатысушы жұмыс жасамау керек деген талап жоқ. Жұмысыңды да істе, бос уақытта кәсіп ашып, шаруаңды да жүргіз, сондықтан теміржолшыларға да берілетін мүмкіндік, – деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.  

Облыс басшысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында теміржолшыларға 2,5 пайызбен несие беруге мүмкіндік жасалатынын, олар 8 миллион теңгеге дейін қаржы алып, ауласына жылыжай салып, қорасына мал, құс өсіре алатынын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай бұл жобамен несие алғандарға бірінші жыл демалыс, яғни төлемейді.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев ауылды, ауыл азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған жоба теміржолшылар арасында кеңінен түсіндіріліп, насихаттала бастағанын айтты. Ауыл тұрғындары ауласынан кәсіп ашып, тұрмысын түзей алатын жобаға қызығушылық танытуда екен.  

Сонымен қатар Қарауылкелді станциясының тұрғындары аймақтың екі бірдей басшысының келген сапарын пайдаланып, теміржол бойынан жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу мәселесін көтерді. Ауыл балалары мектепке қатынау үшін темір жолды кесіп өтіп жүр. Қауіп-қатердің алдын алу үшін ауыл ақсақалдары өткел салу өзекті мәселе екенін ескертті.  

Бөріхан Сматуллаұлы Ұлттық компания тарапынан мұндай ұсыныстарға кедергі жоқ екенін, жоба құрылысын сызып беруге дайын екендерін айтты. Шамамен көпір құрылысына 85-90 миллион теңге жобасында қаржы кететіні ескертілді. Ұсынысты қолдаған облыс әкімі жауапты мамандарға құрылыс жұмыстары үшін қаржы қарастыруға тапсырма берді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды