Айназдың алғашқы жеңісі

Әлеумет
30.06.2025, 12:30
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ –  Әлеуметтік саясат департаменті өткізген балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Балауса болашақ» онлайн сурет байқауынан он жасар атыраулық балдырған жүлдегер атанды.

Байқауға компанияның орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінің 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалары мен немерелері қатысты.    

Теміржолшы мамандығын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқан байқауға суреттерді қабылдау осы жылдың 25 сәуіріне дейін жүргізілді. Жуырда осы байқаудың қорытындысы жарияланып, екі жүзден астам баланың ішінен атыраулық теміржолшы Ибраимов Рақымжанның қызы Айназ жүлделі 3-ші орынды иеленді. Әкесінің айтуынша, Айназ сурет салумен балабақшадан бастап әуестенген.  Биыл 10 жасқа толған ол бастауыш сыныпты бітірді.  

Аталған байқауға ол «Ұлы Жеңіске 80 жыл» тақырыбына салған суретін ұсынып, нәтижесінде жеңімпаз атанды. Оның сурет салу бейіміне  анасы, биология пәнінің мұғалімі Мұқамбетқалиева Самалдың да ықпалы болғаны анық.  «Айназ бірінші сыныпқа барған кезден бастап сурет салу үйірмесіне де қатысып жүрді. Ол көбіне ғажайып әлем тақырыбында сурет салғанды ұнатады. Өзінің қиялындағы образдарды қарындаш-бояумен қағаз бетіне түсіреді. Анасы да сурет салғанды ұнатады, қолы босағанда айналысатын хоббиі десе де болғандай» дейді әкесі Рақымжан. Айназға 3-ші дәрежелі диплом мен арнайы сыйлығын Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев табыс етіп, бүлдіршінге алда да шығармашылық шабыт, биік жетістіктер тіледі.  

Айназ теміржолшының немересі және қызы. Атасы Жаманшиев Ибраим Құлсары жол дистанциясында еңбек еткен,  бүгінде зейнеткер, «Құрметті теміржолшы» атағының иегері, Ауған соғысының ардагері. Ал әкесі Рақымжан Жаманшиев Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясында еңбек қорғау және экология жетекші инженері болып жұмыс істеп жүр. Ол қызының жүлделі орын алғанына дән риза және теміржолшылардың баларына арнап байқау ұйымдастырған ҚТЖ басшылығына алғысын білдіреді.  

 

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%