«Тастанды» пойыздар «жыры» таусылар емес...

Әлеумет
07.10.2016, 10:27
«ӘТЖК»АҚ Шымкент филиалының 1132 күзетшісі  Сарыағаш пен Сексеуіл арасындағы 1561 шақырымдағы теміржол бойын күзетеді. Бұл аралықта 88  станция, 112 разъезд, 149 тұйық жол, 4 темір жол көпірі орналасқан. Он бес атқыштар командасының төртеуі көпірлерге бекітілсе, 11-і құрамадағы жүкті ілесіп күзетеді.   Сексеннен аса станцияның 15-і Арыс, Қазалы, Шымкент сынды ірі тораптар. Мәселен, бір ғана Арыс станциясының қызмет атқару аймағына Қалаш, Ақдала, Монтайтас, Шығанақ, Майқұдық, Талдықұдық бекеттері кіреді. Осы шағын станциялардан шыққан вагонның қауіпсіздігі күзетшілердің назарында. Былтыр ашылған 271 шақырымдық Қоскөл – Сексеуіл арасында 4 станция 10 разъезд орналасқан. Сексеуіл, Сарыағаш, Түлкібас, Қоскөл бұл филиалдың шекаралық түйіспе бекеттеріне жатады.   Соның ішінде Сарыағаш атқыштар командасы мемлекетаралық станция болғандықтан, олардың жүк қабылдау жұмысы күрделірек. – Бүгінде ұлттық компания бойынша біріктірілу үдерісі жүруде. «Шымкент ЖТ» филиалы станциялардың парктерін күзетуді біздің міндетке жүктеген.  Бірақ жылдың соңына дейін белгіленген қаржыны өтей алмай, күзетшілерді қысқартуға әрекет жасауда. Сондықтан, өзгерістің бірі алдағы уақытта бізге де келіп қалар. Күзет саласындағы жұмыс жүйелі жүруде, тек тастанды пойыздардың өзектілігі әлі маңызын жоймады. Дегенмен, былтырғымен салыстырғанда бұл жылы азайған. Тастанды пойыздар негізінен қараша, желтоқсан, қаңтар айларында көбейеді. Барлық мәселе Өзбекстан жағында. Себебі, өзбектердің 35 тепловозы біздің Сарыағаш бекетінде қызмет жасайтындықтан, олар жаңағы айларда ТО1,ТО2 деполарында жөндеу жүргізеді. Уақытында келіп, вагондарды алып кетпеген соң, көбейе береді. Өзбекстан аумағыннан өтіп, Түрікменстан мен Тәжіктерге кететін және Қырғызстанның Жалалабад, Ош облыстарына өтетін пойыздардың барлығы Сарыағаш арқылы барады. Осы жерден өзбек шекарасы қабылдамай қойған соң, қаңтарылып тұрып қалады. Сарыағашта, Арыста, Түркістанда дегендей. Дарбазада мүмкіндігіне қарай 5-6 пойыз, Жылға мен Шеңгелдіде 10 пойыз, Талдықұдықта да біршамасы аялдайды. Қабылдамаған сайын пойыздар Шымкентке қарай созыла береді. Тіпті, Түлкібаста, Жамбылда, Шуда да осы Орта Азияға баратын пойыздар шекара босамағанша қосымша жолдарда күтіп тұрады,- дейді  аталған филиалдағы  әскерилендірілген күзет қызметін  ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдіразақ Марқабай.     Жезқазан ­– Бейнеу жолындағы Қоскөл – Сексеуіл бағыты әзірге бір жолдық болғандықтан, күніне 10-15 пойыз жүреді екен. Қарсы келген пойыз өтіп кеткенше, келесі пойыз басқа станцияда күтіп тұрады. Оның үстіне жылдамдық сағатына 35-40 шақырымнан аспауда. Бірақ осы жаздан бастап 40 тонналық контейнерлердің тасымалдануына байланысты, оларды тез жіберу үшін жылдамдықты сағатына 40-50 шақырымға жеткізіпті. Сексеуіл – Қоскөл аралығын бақылайтын екі күзетші Қарағанда филиалына қарасты Жезқазған атқыштар командасындағы әріптестерінен Қарағандыдан Шымкент филиалына өтетін құрамаларды қабылдап алады. Ғимараттар енді салынып жатқандықтан, олар әзірге вагонды мекен етеді екен. Себебі, аймаққа бағдаршамдар енді құрылып жатқан көрінеді.  Филиалдағы 15 атқыштар командасы 1561 шақырымды 32 қызметтік көлікпен жүріп бақылайды. Соның ескірген екеуі Өскеменде құрастырылған  «Нива» автокөлігімен жаңаланыпты. Шымкент, Арыс, Қазалы сынды үлкен станциялар екі көлікпен қамтылған. Жекеменшік автокөліктерге қызметтік қарумен отыруға болмайтындықтан, жігіттер қаруларды тек осы көлікпен алып жүреді.     ­­ – Ұлттық компаниядағы өзгерістерге байланысты жүк тасымалын ілесіп күзету 80 пайызға орындалуда. Енді жалпы ортақ жұмыс жүйеленсе, бұл жұмысты 100 пайызға жеткіземіз. Жүкті қауіпсіз тасымалдау басты міндет болғандықтан, аймақтардағы ЖІІБ тәртіп сақшылармен, көлік прокуратурасымен бірлесіп, шұғыл профилактикалық жаттығу шараларын  жоспарға сай орындап келеміз. Кейде, шұғыл оқиғаларға байланысты, жоспардан тыс жаттығулар болады. Яғни, ұрылардың жолын кесу үшін, антитеррорлық, сепаратистік оқиғаларға қарсы ұйымдасқан іс-шаралар өтеді.  Сол үшін аймақтағы вокзалдарда күзетшілер санын көбейту мәселесін көтердік. Шымкент вокзалының өзінде ауысымға екі күзетші түседі. Ал, қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін, күзетшілер саны алтаудан онға жету керек. Себебі, біздегі вокзалдар бейнебақылаумен қамтылмаған.  Күзетшілер ЖІІБ тәртіп сақшылармен бірге жұмыс істегенде вокзал аумағын толық байқап, жолаушылар мен бөге адамдарды арнайы тексеріп өткізгенде ғана,  қауіп сейілмек. Бұл Арыс, Түркістан, Қазалы сынды үлкен бекеттерге де қатысты.  Егер бейнебақылау жақын уақытта қойылмаса, аталған станциялардың бәрінде күзет қызметі күшейтіледі, – дейді Әбдіразақ Асқарбайұлы. 

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Суретті түсірген автор

     
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды