Тәжірибелі теміржолшыны зейнет демалысына шығарып салды

Әлеумет
09.08.2021, 10:00
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының ұжымы төл мереке қарсаңында тәжірибелі теміржолшы Әбілда Садуақасовты зейнет демалысына шығарып салды. Дистанция бастығы Марат Оңалов зейнет демалысына шыққанша ең қиын да күрделі саланың ыстық-суығына көніп, тынымсыз тер төккен жолшы еңбегіне алғыс айтты. Ұжымның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева Әбілда Сағымбайұлының еңбегі әркез басшылық тарапынан лайықты бағаланып, жастардың ақылшы ұстазы болғанын жеткізді.

– Дистанциямыздың тәжірибелі де сақа теміржолшысы бола білген Әбілда ағамыз қарапайым еңбек адамы болып бүкіл өмірін шойын жолдың кем-кетігін түгендеумен өткізді. Ол жұмыс жасаған 2-учаскенің жолшылары оның жұмыс тәжірибесін өздеріне ғана емес, дистанция бойынша үлгі тұтады, «көпті көрген тарлан» деп құрметтейді. Жалпы Садуақасовтар отбасынан үш адам біздің дистанцияда жұмыс істеп, кішігірім теміржолшылар әулетін құрады. Бұған дейін Әбілда Сағымбайұлының ағасы Сәрсенбай ағамыз біздің дистанцияда жұмыс жасап зейнетке шықса, қазіргі таңда оның баласы Ерлан аға буынның өнегелі ісін жалғастыруда, – деді ұжымның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Жолшылар ұжымында ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша зейнеткердің иығына ұжым атынан шапан жабылып, естелік сый-сияпат жасалды. Үлкен-кіші ақжарма тілектерін жаудырып, ардагер жолшыны әріптестері құрметті демалысқа құрметпен шығарып салды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті