Ақтөбеде Әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлері арасында шағын футболдын жарыс өтті

Спорт
20.10.2021, 09:01
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әскерилендірілген темір жол күзетінің Ақтөбе бөлімшесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Әскерилендірілген темір жол күзетінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне шағын футболдан жарыс өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген «ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры Сарыбай Сәрсенов күзет қызметінің сарбаздарына абыройлы еңбек үшін алғысын жеткізді. Бүгінгі таңда «ӘТЖК» ЖШС – Магистраль объектілерінің қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің ілеспе күзетін және сақталуын қамтамасыз ететін Қазақстанның көпфункционалды ірі күзет ұйымдарының бірі. Серіктестіктің Республикамыздың барлық аумағын қамтитын 10 филиалы бар. Солардың ішінде Ақтөбе филиалының қызмет көрсету телімінің жалпы ұзындығы – 2040 шақырым. Оның 165 шақырымы Ресей федерациясы арқылы өтеді. Құрылымдық бөлімге 7 атқыштар командасы, 5 атқыштар тобы мен жедел әрекет етуші оңтайландырылған тобы қамтылған. 1 атқыштар командасы темір жол көпірінің күзетін қамтамасыз етеді. Барлық атқыштар командалары заманауи компьютерлік техникамен, жеке құрам – нысанды киім-кешекпен, мобильді байланыспен жабдықталған.

«100 жылдық мерейтой – әскерилендірілген темір жол күзетінің шежірелі тарихы. Қазіргі уақытта филиал бойынша 700-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Біздің міндетіміз – тасымалданатын жүктердің жүз пайыздық күзетілуін қамтамасыз ету. Қызметтік міндетін атқару барысында талай қылмыстың бетін ашуда біздің сарбаздардың еңбегі зор. 2021 жылдың басынан бастап темір жол көлігінде ұрлыққа қатысты 26 оқиғаның алдын алдық, түрлі құқық бұзушылықтармен 33 адам ұсталды. Бұл – қауіпсіздікті қалтқысыз бақылап отырған сіздердің абыройлы еңбектеріңіз», – деді Сарыбай Сәрсенов.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Әскерилендірілген күзеттің 100 жылдығына арнайы мерекелік іс-шаралар жоспары жасалған болатын. Осы жоспарға сәйкес, бүгінде филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінде «100 қайырымдылық іс» акциясы жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2 қазанда Ақтөбе қаласында әскерилендірілген күзет қызметкерлерінің спартакиадасы басталады. Спартакиадаға қатысатын 10 команда 5 спорт түрінен: гір көтеру, арқан тартыс, эстафеталық жүгіру, мини-футболдан өзара сайысқа түседі. Осы жоспардың аясында бұдан өзге де көптеген мәдени іс-шаралар өткізілмек. Ал бүгінгі өткізілген шағын футбол алдағы дүбірлі додаға дайындық іспетті, командалар шеберлігін шыңдаған ойын болды. Қорытындысында үздік ойын үлгісімен дараланған «Шалқар» командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды «Орал», үшінші орынды «Никельтау» командалары бөлісті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды