Отбасылық сайыста қандыағаштық команда жеңіске жетті

Спорт
28.10.2021, 09:59
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш станциясының теміржолшылары «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыста бақ сынады. Салауатты өмір салтын насихаттаған шара теміржолшылардың ынтымағын арттыра түсті. Теміржолшылардың отбасылық байланысын нығайтып, әр шаңыраққа рухани және мәдени мереке сыйлаған сайыс өте қызықты өткені сол, оған қатысуға ниет білдіргендер де аз болмады. Бірақ, оған іріктелген үш отбасы қатысып, өзара бақ сынады. Әр отбасы жеке топты, яғни бір команданы құрайды. Олар жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс болды. Жеңіс жолында барын салған отбасылардың осалы болмады. Дегенмен, дайындығы жоғары, бұрыннан спортқа жақын Қандыағаш жол дистанциясының қызметкері Валера Тәжібаевтың отбасы барлық кедергілерден оңай әрі сүрінбей өтіп, жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды Қандыағаш әскерилендірілген күзет мекемесінің өкілі Смағұловтар отбасы мен Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері Аманқұловтар отбасы бөлісті.

«Әкем, анам және мен» сайысы, атының өзі айтып тұрғандай, салауатты өмір салтын ұстанатын теміржолшылардың отбасының мерейін арттыратын тәрбиелік маңызы зор ойын-сауық бағдарламасына айналды. Әкесі мен шешесіне қоса балалары да қатысып, жеңіс жолында күш біріктіретін сайыс отбасы құндылығын арттырып, татулығын бекемдеп, дені сау ұлттың қалыптасуына әсер етпек. Бүгін сайысқа қатысқан отбасылар шебер ойын үлгісін көрсетіп, жанкүйерлерін әбден риза етті. Шара отбасылық мерекеге айналғандай болды, – дейді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды