Жем локомотив пайдалану депосының ұжымы әріптес рұхына тағзым ретінде шағын футболдан жарыс өткізді

Спорт
23.11.2021, 14:51
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жем локомотив пайдалану депосында ұзақ жылдар қызмет атқарған Бауыржан Құлбасановты еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Жергілікті теміржол мекемелері арасында өткен шараға қала әкімі Әлімжан Қорғанбай қатысып, теміржолшылардың игі бастамаларына қолдау танытты. Қызықты да тартысты өткен турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өмір жолын еңбек майданына арнаған теміржолшының отбасы алғыс айтып, үздік ойыншыларға арнайы жүлде берді.

«Бауыржан марқұм 52 жыл ғұмырында үлгілі теміржолшы ғана емес, жақсы әке, туысқа қамқор, досқа адал жан болды. Үздік машинист болып қана қоймай, осы депода қаншама шәкірт тәрбиеледі. Еңбегі ерен әріптесіміздің рухына тағзым ету – азаматтық борышымыз», – дейді Жем локомотив пайдалану депосының басшысы Дәулет Жалмұхамбетов.

Бауыржан Ұзақбайұлы Құлбасанов өмірінің соңғы жылдарында Жем локомотив пайдалану депосының бастығының орынбасары міндетін атқарған. Жем бойында туып өскен ол еңбек жолын 1986 жылы Ақтөбе локомотив жөндеу депосында слесарь болып бастаған. Ұзақ жылдар Ақтөбе локомотив депосында тепловоз машинист көмекшісі, машинист болған. 2011 жылдан 2020 жылға дейін Жем локомотив пайдалану депосында бастықтың пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.    

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды