Ақтөбе станциясында отбасылық командалар арасында спорттық сайыс өтті

Спорт
06.12.2021, 09:28
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында «Әкем, шешем және мен» атты отбасы мүшелерінен құралған спорттық сайыс өтті. Салауатты өмір салтын насихаттаған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Ұжымдық бірлік пен отбасылық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған спорттық додаға жергілікті теміржолшылар арасынан үш отбасы қатысты. Барлық отбасы мүшелері бірдей формада киім киіп, бір командада өнер көрсетті. Жанкүйерлер – әр команданың ұжымы. Жылдамдық пен шапшаңдықты қажет ететін бәсекелі жарыс жолына шыққан командалардың ойыны қызу да тартысты өтті. Әсіресе, ВЧД-4 вагон депосының атынан жарысқа қатысқан Майқараевтар отбасы жеңісті ешкімге бермей, жүлделі бірінші орынды иемденді. Ақтөбе ЖТ бөлімшесі атынан шыққан Қалиевтер жанұясы екінші орынды алса, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жергілікті филиалы атынан қатысқан Атыраубаевтар отбасы үшінші орынды місе тұтты. Барлық командаларға бағалы сыйлықтар берілді.

«Ел тарихындағы айтулы мереке қарсаңында теміржолшыларға рух беру, ауызбіршілігін арттыру, ұжымдық қана емес, отбасылық байланысты нығайта отырып, салауатты өмір салтын арттыру – шараның негізгі мақсаты. Себебі «өмір негізі – денсаулық, ал денсаулық негізі – спорт» деген тәмсіл дәл бүгінгі таңда өзекті болып тұрғанын уақыт өзі дәлелдеп отыр», – дейді Ақтөбе бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.

Спорт нұсқаушысының айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын спорттық шаралар мұнымен шектелмейді. Алда тағы бірнеше сайыс күтіп тұр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды