Теміржолшылар арасында дәстүрлі спартакиада өтіп жатыр

Спорт
28.11.2023, 09:49
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің ұйымдастыруымен биыл 25 қараша мен 9 желтоқсан аралығында Астанада теміржолшылар арасында спорттың бірнеше түрінен дәстүрлі спартакиада өтуде. Оған компанияның Орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінен жинақталған 24 команда қатысып, 7 спорт түрінен бақ сынасуда.

Атап айтқанда, астаналық теміржолшылар волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартудан жарысып жатыр. Алғашқы жарыс өткен сенбіде волейболдан басталды. Спартакиаданың ашылу салтанатына компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаев пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысып, спортсүйер теміржолшыларға сәттілік тіледі.  

– Спартакиада мақсаты – компания қызметкерлері арасында ішкі корпоративтік командалық рухты көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және республикалық, халықаралық деңгейдегі спорт додаларына мықты спортшылар іріктеп, жинақтау. Баршаңызға алдағы спорттық жарыстарда күш пен қайрат серік болсын, ең мықтылардың жеңуіне тілектеспіз, – деді аппарат басшысы.  

Волейболға 19 команда қатысып, олар жарысу барысында 5 ішкі топқа бөлінді. Екі алаңда ойнаған олар тек бір ішкі топта 3 командадан, қалған топтарда 4 командадан бөлініп ойнады.  

– ҚТЖ өз қызметкерлерінің спорттың қай түрінен болсын шынығып, жаттығуына барлық мүмкіндікті жасайды. Қызметтен бөлек спортпен шұғылдануға компанияда жағдай бар. Себебі спортқа бейім адамның дені сау болады, ал денсаулығы мықты қызметкердің жұмысқа да бейімі зор келеді, – дейді Әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ольга Липчанская.

Волейболға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Қырқыншы станциясы, «Теміржолсу» және ЭЧ-8 мекемелері, Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы, Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі, «Нұрлы жол» вокзалы, Қала маңы тасымалы, Жолаушылар локомотиві кәсіпорны, Кедентранссервис және басқа да теміржол ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Ойын нәтижесінде 1-орынды Астана станциясының «ДС-Астана» командасы жеңіп алса, 2-орынға Магистральдық желі дирекциясының «ЦЖС» командасы тұрақтады. Ал үшінші орынды «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалының «Солтүстік» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спартакиада келесі күні шағын футболмен жалғасын тапты.

 

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді