Маңғыстауда «Наурызнама» онкүндігі аясында спорттық сайыстар өтті

Спорт
29.03.2024, 09:01
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолында Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «Наурызнама» онкүндігі аясында бірнеше жерде спорттық сайыстар өтті.    

Соның ішінде ұлттық спорт күні теміржол мекемелері арасында «Асық ату»,  «Бес асық»,  «Тоғызқұмалақ» ойындарынан іріктеу болды. Маңғыстау станциясындағы «Жеңіс» спорт кешенінде ұйымдастырылған сайыста қорытынды есеп бойынша асық атудан 1-орынды Ерсайын Өмірғалиев, 2-орынды Ниязов Тұрар, 3-орынды Серік Кенжеханов иемденді. Бес асықтан Айнұр Искалиева мен Жарасхан Түлкібаева жүлдегер атанды. Тоғызқұмалақтан ерлер арасында Жайлаубай Жалғасбаев, Әнуар Жақсыбаев, Ғалымжан Нұрболдың, әйелдер арасында Айгүл Аяпова, Айнұр Нұрмаханованың асығы алшысынан түсіп, жеңімпаз болды. Бас жүлдеге ие болғандар Қарағанды қаласында өтетін ұлттық спорт чемпионатына жолдама алды.

Ал Бейнеуде білекті балуандар күш сынасып, «Теміржол барысы-2024» анықталды. Қазақ күресінен өткен бұл бәстесуде теміржолшы жігіттер үш түрлі салмақта – 66, 80 және +80 келі дәрежесі бойынша күресті. 66 келі салмақта алғашқы үш жүлделі орынды Тұрар Ниязов, Нұрбек Базаржанов, Досан Жұбандық сынды теміржолшылар алды. Қалған екі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар Бауыржан Ботабаев, Әлібек Седуов, Асылбек Нұғметов, Мейрамбек Марханбетов, Еркінбек Сүйенбаев, Еламан Асқанбай есімді жігіттердің еншісіне тиді.  

– Наурыз мерекесіне орай бейнеулік спорт нұсқаушы Бақытжан Нұралиевпен бірге әр жерде спорттық сайыстар ұйымдастырдық. Теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында өткізілген бұл бәсекелердің бәрі де кәсіподақтың қолдауымен мерекелік көңіл-күйде, жоғары деңгейде өтті.   Маңғыстау станциясында асық ату, тоғызққұмалақ, Бейнеуде Қазақ күресі сынды жарыстар өтсе, Жаңаөзен қаласындағы теміржолшыларымыз арасында футболдан мықтылар анықталды. Өзен станциясында керемет футбол турнирі өтті.  Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау жол дистанциясының жігіттері бірінші, Өзен айналым депосының ойыншылары екінші, Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының жұмысшылары үшінші орындарды иемденді.  Жеңімпаздардың барлығы марапатталды, мереке құрметіне қатысқандарды да сый-сияпатсыз қалдырамадық, – дейді Маңғыстау теміржолы бойынша спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті