Жеңіс күні қарсаңында теміржолшылар арасында шағын футболдан турнир өтті

Спорт
16.05.2025, 10:34
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жеңіс күні қарсаңында теміржолшылардың жақсы көретін спорт түрінің бірі – шағын футболдан Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, қазақтан шыққан тұңғыш «КСРО Құрметті теміржолшысы» Байбол Орақов атындағы жүлде үшін жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өтешов құттықтау сөз арнап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойынға Құлсары, Ақжайық, Ганюшкино, Сағыз станциялары, ШЧ-8, ЭЧ-4, ВП-8, ТЧЭ-3, ТЧЭ-4, ПЧ-9, ВЧДЭ-1 – барлығы 11 команда қатысты. Барлығы да өңірдегі іргелі мекемелер. Қарсыласына ұпай жібермеуге тырысқан ойыншылар қызу тартысқа түсіп, жақсы ойын көрсетті. Әр команда ойыншылары намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Он бір команда ішінен суырылып «Атырау локомотив депосы» командасы алға шықты. Екінші орынды Атырау қалпына келтіру пойызы, ал үшінші орынды Мақат локомотив депосының командасы иеленді. Бірінші орынды иеленген командаға соғыс ардагері Б.Орақовтың ұлы Мерген Байболов кубок пен ақшалай сыйлық табыс етті. 2, 3-ші орындарға кәсіподақ атынан диплом мен ақшалай сыйлық берілді.  

Айта кетелік, Байбол Орақов Михайлов шығанағы Красноводск қаласынан Каспий маңы темір жолы салынып, 1885 жылы Ашхабад, әрі қарай Чарджоу, Самарқанд, Бухара, Ферғана, қарақұмды қиып өтетін Ташауызға дейін созылған теміржол құрылысының басы-қасында жүрген қазақ ұлты өкілдерінің бірі еді. 1938 жылы Мәскеуге КСРО темір жол министрлігінің жанындағы 6 айлық жеделдетілген қысқа мерзімді курсты үздік бітіріп, сол кездегі темір жол министрі Л.Кагановичтің өзі куәлікті табыс етеді. Байбол Орақов еңбек еткен Орта Азия темір жолы Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше маңызы бар стратегиялық жол торабы болды. Осы темір жол арқылы Сібірден, Қиыр Шығыстан, Қазақстан мен Орта Азия республикаларынан және кері бағытқа да пойыздар легі толастамайтын. Ол Ұлы Отан соғысы жылдары жартылай әскери, темірдей тәртіптегі темір жолда асқан жауапкершілікпен еңбек етеді. Оның елі үшін деп жасаған жан аямас еңбегі өкімет назарынан тыс қалмай, 1944 жылы 2 қазанда куәлік нөмірі 40 455 «КСРО Құрметті теміржолшысы» деген аса зор атақпен марапатталады. Бүгінгі күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылындағы 2-шағын ауданнан Б.Орақовтың атына көше беру жөнінде шешім шығарылыпты.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады