Қызылордалық теміржолшылар финалға жолдама алды

Спорт
21.08.2019, 12:33
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесі теміржолшыларының алты құрама командасы футболдан өзара іріктеу турын өткізді. Бұл жыл сайын теміржол мекемелері арасында өткізілетін аймақтық турдың ақтық сыны болатын.

Бұған дейін бөлімшенің Сексеуіл, Қазалы станцияларында өткізіліп, сол додалардан оза шауып бәйге алған саңлақтардың ақтық сынына нүкте қойылып, аймақтық турға берілетін жалғыз жолдаманы Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамасы қанжығаға байлады. Олар іріктеу турда барлық құрама командадан шеберлік техникасы мен айласын асырып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

– Жыл сайын теміржолшылар арасында өткізілетін футбол турнирінің 3-іріктеу кезеңін өткізіп, жолдаманы үш турдың ең үздігі деп танылған «ТЧЭ-34» құрамасына берілді. Енді алдағы күндері оңтүстік аймақ теміржолшыларының, яғни Шымкент, Тараз және Қызылорда ЖТ бөлімшелерінің футбол құрамалары осы біздің бөлімшеде бас қосып, тағы бақ сынайтын болады. Осы ойында бас жүлдені еншілеген команда 4 қыркүйекте Қарағанды қаласында өтетін жарысқа қатысады. Біз өткен жолғы Қостанайда өткен турнирде жүлделі орын алғанмен қарағандылық әріптестерімізге есе жіберіп алған едік, осы жолы олардан басым түссек деген ойдамыз, – дейді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.

Іріктеу турының барлық қатысушыларына бөлімшенің және мекемелердің кәсіподақ ұйымдары атынан арнайы диплом, кубок және бағалы сыйлықтар тапсырылды. 

Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат