Соңғы рейстен – зейнеткерлікке

Станция тынысы
11.10.2022, 10:49
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазалы локомотив пайдалану депосының ұжымы майталман машинист Әділхан Әлмахановты зейнет жасына ерекше жағдайда шығарып салды. 40 жыл бойына локомотив тізгіндеген машинист жолаушылар тасымалындағы соңғы рейсін Тальго пойызымен аяқтады.

Теміржолдағы еңбек өтілі 230 жылдан асатын әулеттен 3 «Құрметті теміржолшы» шыққан. Сондай-ақ бұл әулеттің қазіргі жас буыны Тоқтар Әлмаханов – «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының қатысушысы.  

– Теміржолшылар отбасында дүниеге келіппін. Бұл – мен үшін үй мен түзде бірдей, өмірімнің өзегіне айналған сала. Әкем Әлдебай КСРО кезінде «1 млн км апатсыз» деген медаль алған, Құрметті теміржолшы атағының иегері. Ағаларым Қанат пен Әскербек те талай жыл теміржолда тер төгіп, Құрметті теміржолшы атанған. Әділбек ағам да машинист болып, зейнетке шыққан. Осылайша Қазақстан теміржолы – біздің екінші ұямызға айналды. Осы саладан несібемізді тауып, отбасымызды асырап, адал еңбектің арқасында үлкен беделге де ие болдық. Бір қуанарлығы, теміржолдағы кәсіп ұрпақтарымызға жалғасып жатыр, – дейді 57 жасында салалық зейнетақымен еңбек демалысына шығып отырған Әділхан Әлмаханов.  

Кейіпкеріміз 1982 жылы мектепті бітірген соң Ақтөбе тепловоз жөндеу депосында слесарь болып жұмысын бастаған. 1983 жылы Қазалы бекетінде машинист көмекшісін дайындайтын техникалық мектепті бітіріп, 1984- 1986 жылдары Отан алдындағы әскери борышын Германияда өтейді. Елге оралған соң Қазалы локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастап, 2003 жылы машинист, 2007 жылы 2 класты машинист, бес жылдан соң 1 класты машинист атанып, 2007-2022 жылдар аралығында жолаушылар тасымалын жүргізді. Соның ішінде 2012 жылдан бері Тальго пойызын тізгіндеді. Депо ұжымы тарлан теміржолшыны үлкен құрметпен зейнетке шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды