Қазалы станциясында бір ғасырдан асқан станок әлі жұмыс істеп тұр

Станция тынысы
01.12.2022, 11:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының шеберханасында 1903 жылы Германиядан шығарылған, темірден түйін түйетін Niles станогы күні бүгінге дейін жұмыс жасап, ұжымның өндірістік жұмыстарына қажетті бөлшектерді өздері жасап алуына жарап тұр.  

Қазалы станциясына барғанымызда бір ғасырдан аса уақыт бойы жұмыс жасап тұрған стонокты тарихи жәдігер ретінде бейнеге түсірдік. Дистанция алғаш ашылғанда осында орналастырылған станок әлі жұмысқа жарамды. Ескі болғанмен қарапайым типтіге станок уақытылы күтіліп, бапталып өндіріске қажетті қосалқы бөлшектердің жасалып алынатынын білдірді дистанця бастығы Ғани Ысқақов.

Темірден түйін түйілетін нилес құрылғысының ұстасы Қуат Нәбимен тілдестік. Станогының көненің көзі болса да әлі күнге кез-келген темірден қажетті затыңды оп-оңай жонып алуға болатынына сенетін темір ұстасы Қуат Нәби өзі жас болғанмен тарихи жәдігердің тілін еркін меңгеріпті. Көп сөйлемейтін, тек сауалыңа ғана «ия», «бар», «жоқ» секілді кезекші сөздермен ғана жауап беретін шеберді сөйлету де оңай болған жоқ. Бұл оның тек ісіне мығым, қақ-соқпен ісі жоқ табанды теміржолшыға тән қасиет әрі темірден түйін түю үшін де осындай мінез керек болар деген ой келді.

Сонымен Қазалыда дүние дидарына келіп, орта мектептен соң Түркістан қаласындағы техникалық колледжден «темір ұстасы-токарь» мамандығын меңгерген Қуат дистанцияның электромотор және электрожетек жөндеу цехына құрылғыларды жөндеуші болып жұмысқа орналасып әріптестерінің тапсырысын орындайды. Мәселен, ол 28 милиметрлік қалыңдықтағы құймадан 26 мм-лік бұранда жонып шығару үшін 40 минут шамасында керектігін және қажетті көлемдегі өлшемдерді таңдауға да көп уақыт алмайтын көрінеді.

– Маған берілген тапсырма бойынша үлкенді-кішілі бөлшектерді әзірлеймін. Алдымен бөлшекті жасайтын темірді таңдап алғаннан кейін станоктың өлшемдерін қолмен ретке келтіремін. Ескі станок болғандықтан кейде жұмыс кезінде сәл-пәл ауытқу болғаны байқалады. Ондай сәтте құрылғыны бастапқы өлшем бабына қайта келтіріп аламын. Негізінен бекітпе бұрандаларды дайындауға көп тапсырыс беріледі. Қазір станоктың жұмысын толық меңгердім. Жыл өткен сайын тәжірибе жинақтап темірден заттарды жонып шығаруға өзіндік ізденіс жасап, шыңдалып әріптестерімнің тапсырысын аз уақыт ішінде жасауға дағдыланып жүрмін. Әзірге тапсырыспен жасалған бөлшектерге қатысты ескертпе естігенім жоқ, – дейді құйма темірден қажетті затты жонып беретін темір ұстасы Қуат Нәби.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде