Исатай бекетінің бүгінгі тынысы

Станция тынысы
13.12.2022, 10:45
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атыраудың Исатай ауданы орталығынан 83 шақырым қашықтықта орналасқан станция – қазақтың ұлт-азаттық күрескер батыры Исатай Тайманов атындағы 4-ші класты шағын бекет.

Сонау өткен ғасырдың 70-ші жылдары Атырау-Астрахань темір жолы салынған кезде құрылған станция жал-жал шағыл құмды жерде орналасқан. Сондықтан жазды күндері темір жол бойын жиі құм басып қалады. Жергілікті теміржолшылар жолды тазалап, пойыздар қозғалысын қамтамасыз етіп отыр.  

Бұл исатайлықтардың бас ауруына айналған мәселенің бірі және ол туралы көптен айтылып келеді. Қайсы бір жылдары жол қапталына жыңғыл ағашын егу жөнінде ұсыныс айтылған. Дегенмен, әзірге жүзеге асқан жоқ. Станцияда мың жарымдай тұрғын тұрады, 11 жылдық мектеп, медпункт, екі балабақша бар.  

Станция шағын болса да жұмысы қызу. Өйткені, өңірде Атырау-Астрахань республикалық маңыздағы тас жолының салынып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды, әлі бітетін түрі жоқ. Ай, апта сайын топырақ, шағыл тас, цемент, битум сынды келіп жатқан құрылыс материалдарында есеп жоқ.  

Станция кезекшісі Жанбота Жұмаеваның айтуынша, тәулігіне отыздан аса жүк пойызы өтеді. Осындағы «Сине-Мидасстрой» түрік компаниясының кірме жолына 35-40 вагон жүк келіп-кетіп жатады. Одан бөлек Ресей бағытына жүретін жүк пойыздары, жолаушылар пойыздары бар. Станция ғимараты ескі болса да жарамды, көгілдір отынмен жылытылады. Шағын бекетте вагон қараушылар, байланысшы, жолшы, электрмен қамту мамандары бірлесе еңбек атқаруда.  

– Станцияда екінің бірі теміржолшы кәсібін меңгеріп, отбасын асырап отыр. Темір жол мен үшін бала күнімнен таныс, ұнатқан салам, әке-шешеміздің жолын жалғастырып, осы жерде еңбек етіп келе жатқанымызды мақтан етеміз, – дейді өткен жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі тарапынан «Жыл қызметкері» дипломына ие болған станция кезекшісі Жанбота Жұмаева.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда