Шалғай бекеттегі теміржолшылар үшін қолайлы модульдер тұрғызылуда

Станция тынысы
17.02.2023, 09:23
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы жаңа модульдік үлгіде жабдықталған ғимараттардың игілігін көріп жүр. Шалғайдағы бекеттерде еңбек ететін теміржолшылар үшін қолайлылық арта түсті.

«Жақсыны көрмек үшін» демекші, дистанцияның шалғайдағы бекеттерінің біріне қойылған модульдік ғимаратты көзімізбен көру үшін арнайы бардық. Ұлпан станциясындағы модульдік ғимараттың мүмкіндігі де, тиімділігі де мол екенін дистанция жұмысшылары жарыса айтып жатыр. Расымен, шағын ғана үйшікте адам баласының қажеттілігі үшін барлық жағдай жасалған. Стандартты ғимараттарда ауыз су, су жылытқыш, душ, тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, теледидар, жаз мезгілінде салқындатқыш кондиционер тәрізді тұрмыстық қажеттіліктердің бәрі бар.  

– Теміржолшылардың жағдайын жасау, әлеуметтік қолдау бірінші кезекте тұр. Ұлпан бекетіндегідей модульдік ғимараттың қазір бізде жетеуі бар. Кәдімгі үй, жатын орны да бар, жақсы жабдықталған ғимарат қатынап жұмыс істейтіндер үшін аса тиімді де қолайлы болып отыр. Өткен жылы төртеуі, биыл үшеуі келді. Электр жылытқыш қойылғандықтан қыстың ызғарлы күндерінде жып-жылы болып тұрады. Жазда желдеткіші бар. Қажетті тұрмыстық бұйымдармен толық қамтылған, жұмысшыларымыз дән риза, – дейді Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Айдар Еңсепов.  

Модульдік үйшіктер жұмысқа жақын жерлерге орналастырылған. Шұғыл қажет болған кезде жұмыс орнына жетуге уақыт жоғалтпайды. Ішінде байланыс жүйесі де қондырылған. Түнгі жұмыстарға шыққан кезде де барып-келуге ыңғайлы.  

– Осы модульде тұрамын, барлық жағдайы бар. Бұрын қатынап істеп, туыстарымның үйінде тұрып, әуреге түсіп жүруші едім, мынау бір рахат болды, – дейді Ұлпан бекетінің электрмеханигі Азамат Нұртазин.  

Теміржолшылар осыған дейін желі бойындағы елсіз жерлердегі құрылғылардың күтіміне қаншама уақыт жоғалтса, бүгінде осындай үйшіктерге қона жатып жұмыс істеу әлдеқайда тиімді екенін айтады.

Дистанция басшылығымен осындай модульдік ғимараттың 18-іне тапсырыс берген. Қазір жетеуі бар. Шалғайдан қатынап жұмыс істейтіндер үшін алдағы уақытта көбейтуді жоспарлап отыр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды