Теміржолшы жолшылар жұмысын жеңілдететін ерекше құрал ойлап тапты

Станция тынысы
28.02.2023, 10:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш жол дистанциясының жөндеу шебері Мейіржан Жұмабаев ерекше құрал ойлап тапты. Өнертапқыштың қолынан шыққан құрамалы аппарат дистанциядағы техникаларды майлау кезінде тепловоздың қатысуынсыз-ақ желдету компрессорының ролін атқаруға мүмкіндік береді.

Жолшылар жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, экономикалық жағынан да тиімділік беретін желдету компрессоры орнатылған көлік кез келген уақытта қолжетімді және үнемді. Жолшылар енді бұрынғыдай тепловозға қайта-қайта сұраныс беріп, оны телміріп күтіп отырмайды.  

«Қазір біз техникаларды майлау үшін тепловоз сұрамаймыз. Бұрын тепловоз алуға өтініш беретін едік. Жол дистанциясында ақша үнемделеді. Өз техникамызбен жұмыс жасай береміз. Қыс бойы жүрген техниканы майлау кезінде ауа жіберуге тиімділігін көрсетіп, қызметке жарап тұр. Бұрын тепловозға өтініш беріп, оны 2-3 күн күтетінбіз», – дейді шебер.  

Жаңа ауа жібергіш компрессорды жасау үшін де шығын болмаған. Қажетті материалдарды қоқысқа кететін металлолом арасынан тапқан. Алдымен сол жарамсыз темір-терсек арасында жатқан компрессорды жөндеп, іске қосады. Каркасы АС-1 техникасының будкасынан жасалған. Күз және көктем айларында қар тазалайтын техникаларды майлаған кезде ауа жіберуге пайдалану үшін сынақтан өткізіліп, өткен жылы жол дистанциясының техникалық бөлімі тарапынан рационализаторлық жоба ретінде ұсынылған. Тексеруге келген орталық мамандарынан жоғары баға да алып үлгерген.  

Идея авторы – темір жолда тырбынып еңбек еткеннен бері уақытын техниканың арасында өткізіп келе жатқан кейіпкеріміздің өзі. Дистанциядағы бесаспап маман. Теміржол теліміндегі техникалардың бәрін жүргізуге құқылы куәлігі бар.  

«Көзімді ашқаннан осы дистанцияның жұмысын көрдім. Барлық техника қызметі мен мүмкіндігін білгесін жарамсыз дүниенің өзін пайдаға жаратуды ойластырдым. Ең бастысы, жөндеу кезінде ешкімге тәуелсізбіз, жұмыс тоқтамайды», – дейді ол.

Қандыағаш жол дистанциясының жөндеу шебері Мейіржан Жұмабаев 1987 жылдан бастап теміржолда тәжірибе жинап келеді. Қандыағаш жол дистанциясында еңбек жолын слесарь болып бастап, 10 жыл бойы осы мамандықты бес саусағындай меңгереді. Теміржолдағы көпірлерді жөндеу жұмыстарымен де айналысады. Дәнекерлеуші, машинист, бас механик техникалық қызмет көрсетудің тісқаққан маманына айналады.  

Соңғы бес жылдан бастап жөндеу шебері. Дистанциядағы барлық техникаға жауапты. Уақытында жөндеуден өткізіп, жұмыс тиімділігін арттырып жүрген маман. Қазір қарауында 5 қар тазартатын, 2 қар жинайтын және 4 кірме құрам бар.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды