Тереңөзек станциясының бүгінгі тынысы

Станция тынысы
21.04.2023, 10:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың Тереңөзек станциясы үшінші класты санатқа жатқызылады. Орынбор-Ташкент күрежолының бойында жатқан станциядан әрі-бері өткінші пойыздар күні-түні бір тынбай жөңкіліп жатыр...

Жолаушы пойыздарынан Қызылорда-Павлодар-Қызылорда, Ақтөбе-Алматы-Ақтөбе, Алматы-Маңғыстау-Алматы және Орал-Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызы аялдайды. Аудан орталығы деген дардай аты бар бекетке жолаушылар пойызы тоқтамайды дегеннен тәуір. Дегенмен, станциядағы ескі теміржол вокзалының есігі тек пойыз келер алдында жарты сағатқа ғана ашылып, жолаушыларға қызмет көрсететін халге түскен. Екі билет кассирі кезектесіп жұмыс жасайды, өзге қызметкерлер құрылымдық өзгерістерге байланысты қысқартылып кеткен...  

Ал станция, өз деңгейінде жұмыс істеп, өздеріне жүктелген міндеттемелерді игеріп отыр. Транзиттік құрамдарға қызмет көрсетумен қатар келген-кеткен жүктерді дер кезінде қабылдап-жөнелтеді. Станция қызметін тұрақты пайдаланатын «Нұрдәулет» ЖК, «Саутс ойл», «Угольсбыть» сынды жергілікті мекемелер бар.  

– Өткен жылы 108 вагоннан жүк түсірдік. Тиелген жүк те аз емес. Жылдан жылға жұмыс көлемі артып келеді. Биыл да жұмыс шаш-етектен, қазір көктемгі науқандық жұмыстар басталып, тыңайтқыш, құрылыс заттары келіп түсіріліп жатыр. Тұрғындардың сұранысына қарай маусымдық жүк, көмір мен құрылыс заттары тоқтаған емес. Алдағы уақытта теміржол көлігінің қызметін пайдаланушылар саны тағы өседі деген болжам бар, аудан жылдан жылға кеңейіп жатыр, – деді станция бастығы Мұрат Маликов.  

Ауысыммен жұмыс жасайтын станция кезекшілері мен төрт жүк қабылдап тапсырушыдан бөлек шағын бекетте еңбек ететіндер қарасы көп емес. Тіпті станцияда пойыз құрастырушы штаты қысқартылғандықтан пойыздардан вагонды ажыратып, құрамға қайта тірукеу, маневрлік жұмыстарды атқару бекет басшысына жүктелген. Аз құраммен көп жұмыс тындырып отырған шағын ұжымның тірлігіне риза болып аттандық.  

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті