Арыс – теміржолшылар қаласы

Станция тынысы
27.06.2023, 09:35
Суретті түсірген автор

Арыс-1 станциясы қаланың қақ ортасында Әділбек би мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан. Қаланың ең көне, экономикалық маңызды аумағы саналады және ірі теміржол мекемелері де осында орналасқан.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы пайда болғалы Арыс қаласы әкімдігі қарапайым халықтың ұсынысын тыңдауға арналған онлайн whatsapp чаттарды жіті бақылайды. Сондай чаттардың ең маңыздысын Арыс станциясы кәсіподақ комитетінің цехком төрағасы Шорахан Телқозы жүргізеді. Үш жыл бұрын құрылған чатта қала үшін маңызды мәселелер көтеріліп, шешімін тауып отыр.  

– Арыс-1 вокзалына тура түсіп баратын орталық көше, Қазыбек би көшесінде Арыс қаласының орталық базары орналасқан. Қала халқын қанша мәдениетке үйретсе де, жабайы сауда қатарын өздері жасап алатын маусымдық саудагерлер мен автотұрақсыз кез келген жерге көлік қойып кете беретіндер қашанда кездеседі. Біз көтерген осы мәселеге әкімдік назар аударып, жуырда арнайы рейд жүргізілді. Оның құрамына бізді де кіргізді. Нәтижесінде базар маңынан сырттан келгендерге арнайы автотұрақ іске қосылды және жабайы сауда қатары алып тасталды. Екінші мәселе, станция мен вокзал маңындағы «Батырлар алаңының» тазалығы. Аллея маңы көпқабатты үйлер болғандықтан аумақ тұрғындары кешкі серуенге шығып, шашып кететінін айтып қала әкімі Гүлнар Мамытқызына хат жолдадық. Нәтижесінде Арыс қаласының жастарынан құралған еріктілер отрядының басшылығымен алаң апта сайын жуылып, тазаланып тұратын болды, – дейді Шорахан Телқозы.  

Тағы бір мәселе, кәсіподақ бастамасымен Арыс қаласында соңғы 3 жылда түнгі ауысымнан шығатын теміржолшылар үшін арнайы таксопарктер құрылды, ал күндізгі ауысымдағылар үшін 1,2,3,4 нөмірлік бағыттағы қоғамдық автобустар саны көбейтілді және ең арзан қоғамдық көлік Арыста үлкендерге 50 теңге, оқушыларға 25 теңге болып бекітілді.

Одан бөлек, өткен жылы Арысқа кіреберіске қойылған 2 бірдей паровоз ескерткіші теміржолшылар қаласының визиткасы сынды. Ал 1 тамызға дейін саябақта «Құрметті теміржолшылар» тақтасы ашылады деп күтілуде.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда