Сағыз станциясы – құрылыс жүктерінің күретамыры

Станция тынысы
29.07.2025, 09:20
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Сағыз станциясы Мақаттан 140, Атырау қаласынан 300 шақырым қашықта жатыр. Станцияда теміржолдың барлық құрылымынан 250-ден аса адам еңбек етеді. Тәулігіне орташа есеппен 30 жұп жүк пойызы өтіп жататын станция жұмысы өте ауқымды.

Станция бастығы Серік Сұлтановтың айтуынша, жүк айналымының көлемі жылдан жылға артып келеді. Орташа тәуліктік 20-30 пойыз, 175 вагон қабылдануда.  

– Биылғы жылдың 6 айында станция бойынша 4661 жүк пойызы қабылданып, оның құрамында 278 102 вагон болды, ол дегеніміз тәулігіне 1545 вагон. Жүк түсіру жоспары бойынша 1667 вагон түсірілді, оның ішінде 1596 вагон «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша. Өйткені ол бағдарламаға сәйкес ауданда қазір автожолдар салу қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде Сағыз – Миялы тас жолы қайта салынуда. Оған қажетті қиыршық тас, топырақ, басқа да құрылыс материалдары Сағыз станциясында түсіріліп, тасымалдануда, жалпы алғанда құрылыс жүктерінің үлесі мол, – дейді станция бастығы.  

Станцияда 8 негізгі жол, 4 тұйық бар. Станция бастығының жұмыс күні таңертең қанша вагон келді, қандай жүкпен тұр, қанша жөнелтілді деген секілді ақпараттарды жинаумен басталып, бөлімшеге есеп береді. Содан соң бүгінгі күнге қанша пойыз-вагон қабылдауға мүмкіндігі барын хабарлайды. Тиісті мамандармен жедел жиын өткізіп, нұсқаулықтар береді. Содан соң желіге шығып, жолды тексереді.  

– Станция басында түнгі мезгілде де жарық жарқырап тұр. Барлығы 28 портал болса, оларда 300 ваттан бастап 60-қа дейінгі 155 жарықдиодты лампа қондырылған. Жаяу жүргіншілер көпірі салынғаны да теміржолдың қос қапталындағы тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз болды. Көпірдің төбесі жабық, жауын ақпайды. Станциядағы 8 жолдың бәріне жарық жеткілікті, – дейді Серік Сұлтанов.  

Станция арқылы 8 жұп жолаушылар пойызы да өтеді. Атап айтқанда, Атырау – Астана, Атырау – Шымкент, Маңғыстау – Семей, Маңғыстау – Орал, Маңғыстау – Астана, Ақтөбе – Маңғыстау және Тальго пойызы жүреді. Айта кетерлігі, биылғы жылы қайта жаңғырту жобасына сай жөнделетін вокзалдар ішінде Сағыз станциясы да бар. Мұнда жаңа вокзал салу жоспарланған. Станциядағы теміржолшыларға бұрын әлеуметтік көмек ретінде вагонмен көмір әкелініп, бөлініп берілетін. Ауданға көгілдір отын таратылып, газ желісі жүргізілгелі бұрынғыдай көмір жағу тоқтатылып, тұрмыс көп жеңілдеп қалды. Сондай-ақ соңғы жылдары модульді үйлердің орнатылуы да желі бойында еңбек ететін сала жұмысшылары үшін жақсы жағдай туғызып отыр.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады