Жұмыс сапасы жіті назарда

Станция тынысы
15.09.2025, 12:13
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының оңтүстік алқымында таңнан бері қызу тірлік. Үстеріне сары жилет киген жол жөндеуші мамандар рельсті бойлап, белгіленген телімдерге бөлініп жоспарлы жұмыстарын бастап кеткен. Әрқайсысы өзіне жүктелген міндетін кәсіби шеберлікпен орындап, темір жолдың ақаусыз қызмет атқаруына үлес қосуда.

Бұл Жосалы – Түркістан станциялары арасындағы теміржол телімінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін Қызылорда жол дистанциясының кезекті жол күтіміне кіріскен сәті. Тәуліктік қозғалыс қарқыны жоғары бұл телімде жолдың техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау – басты міндет. Ағымдағы айлық комиссиялық тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді уақытылы жою мақсатында бүгін дистанция жолшылары шұғыл әрекетке көшкен. Жол күтімін үйлестіріп, жұмыстарды кәсіби тұрғыда бақылап жүрген жол шебері Мақсат Әбдіраманов атқарылып жатқан істің мән-жайымен бөлісті:  

– Қазіргі таңда бригаданың тәжірибелі жол монтерлары Берік Құрбанов, Сержан Жолдыбаев, Бақытбек Әбіловпен бірге рельс бекітпесінің резеңке төсемелерін ауыстыру, бекітпе болттарының беріктігін тексеру, рельстің деңгейін өлшеу, түзулігін шаблонмен салыстыру, сондай-ақ жер төсемінің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар арнайы технологиялық карта негізінде, белгіленген ретпен іске асады. Әрбір ақау өз шешімін табуы тиіс, себебі біз тек жол сапасын емес, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін де қамтамасыз етеміз, – дейді Мақсат Әбдіраманов.

Жол күтімінің бұл кезеңінде бағыттамалық бұрмалар аралығындағы бекітпелердің техникалық ахуалы жіті назарда. Жол шебері әр рельс қосымының өлшемін арнайы өлшеу шаблоны арқылы тексеріп, талапқа сай болмаған жағдайда бірден тиісті тапсырма беріп отырады екен. Жол күтімі тек көзбен шолумен шектелмейді. Рельстің көлденең және тік бағыттағы деңгейі, рельс аралықтарының дәлдігі, ұзындық бойынша түзулігі, сондай-ақ тас төсемінің тығыздығы мен біркелкілігі арнайы құралдар көмегімен тексеріледі. Бұл – жүк және жолаушылар пойыздарының телімінен қауіпсіз өтуіне тікелей әсер ететін маңызды факторлар.  

Мамандардың айтуынша, рельс бекітпелері мен резеңке төсемдердің тозуы, болттардың босауы немесе қиыршық тастың шөгуі секілді табиғи факторлар уақыт өте келе жолдың жағдайына әсер етеді. Сондықтан алдын ала күтім жасап, «жөндеу-орнына келтіру жұмыстары» арқылы ол ақаулар дер кезінде жойылады.  

Жол дистанциясының бұл жұмыстары – кездейсоқ ұйымдастырылған шара емес, керісінше жол шаруашылығын жүргізу ережесіне сай тұрақты түрде атқарылатын дәстүрлі процесс. Теміржолшылар қауымы, соның ішінде жол жөндеуші бригада мүшелері, өз кәсібіне адал. Бір қарағаннан жолдың ахуалын бағамдай алатын тәжірибелі мамандар ақауды анықтап қана қоймай, оны технологиялық регламентке сай жедел қалпына келтіруді де жақсы меңгеріпті. Қызылордалық жолшылардың бұл еңбегі – көрінбейтін, бірақ аса маңызды міндеттің жарқын көрінісі. Теміржол бойындағы әрбір рельс, әр бекітпе, төсемге салынған әр тастың түйірі – олардың қажырлы еңбегінің айғағы. Ал мұндай жүйелі күтім мен жауапты әрекет арқылы ғана теміржолдың қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігі қамтамасыз етілмек.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті