Сексеуіл теміржолшыларының жемісті жылы

Станция тынысы
20.01.2026, 09:17
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл станциясының теміржолшылары өткен жылы өзінің өндірістік әлеуетін нақты көрсеткіштермен дәлелдеді. Өндірістік көрсеткіштер жоспардан бірнеше есе асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда тұрақты өсім мен тиімділіктің айқын үлгісі қалыптасты.

Есепті кезеңде станцияда 3235 пойыз тарқатылып, олардың құрамындағы 206 мыңнан астам вагон толығымен өңдеуден өтті. Бұл – әр пойыздың артында үздіксіз қозғалыс, дәлдік пен жоғары жауапкершілік тұрғанын айғақтайтын көрсеткіш. Сонымен қатар құрастырылған 4105 пойызға 212 515 вагон тіркеліп, жөнелтілген. Яғни Сексеуілде әрбір минут, әрбір технологиялық операция қозғалыс кестесіне бағынып, жүк ағыны іркіліссіз қамтамасыз етілді деген сөз.  

Жалпы алғанда, станцияның өңдеу үдерісіне 441 221 вагон қабылдануы Сексеуілдің теміржол картасындағы стратегиялық маңызын көрсетеді. Бұл – тек құрғақ сан емес, бұл темірдей тәртіпке, кәсіби шеберлікке және ұжымдық бірлікке негізделген тынымсыз еңбектің нақты нәтижесі. Станция бастығы Абдулхамит Тұрмантаевтың айтуынша, бұл табыстарда ұжымдағы әр теміржолшының үлесі бар.  

Сексеуіл станциясы үшін өткен жылы жай ғана есептік кезең емес, еңбек қуаты мен кәсіби шеберліктің салтанат құрған жылы болды. 1680 вагонға бекітілген жүк түсіру жоспарын 1840 вагонға дейін жеткізіліп, орындалу деңгейі 109 пайызды құрады. Бір вагонға шаққандағы жүктеме де айтарлықтай өсіп, тасымал тиімділігі жаңа деңгейге көтерілді. Бұл – тек сан емес, логистикадағы ұтымды шешімдер нәтижесі мен өндірістік тәртіптің жемісі.  

Ең басты жетістіктердің бірі – вагондардың тұрып қалу уақытының күрт қысқаруы. Егер бұрын сағатпен есептелген кідірістер орын алса, 2025 жылы бұл көрсеткіш бірнеше есе азайып, бір жүк операциясындағы орташа тұрып қалу уақыты жоспардағы 3,98 сағаттың орнына 1,92 сағат болып, тиімділік 207 пайызды көрсетіп, станция жұмысының шапшаңдығы мен икемділігін паш етті.  

Пойыздар мен вагондарды қабылдау, тарқату және жөнелту барысында станция теміржолшылары нағыз кәсіби мектептің үлгісін танытты. Олардың қатарында маневр диспетчері Еркебұлан Қарабаев, станция кезекшісі Серік Мырзағұлов, құжат сұрыптаушылар Венера Салмаева мен Нұргүл Сербаева, тауар кассирі Гүләнда Кабулова, жүк қабылдап-тапсырушы Сарбиназ Иманалиева сынды білікті мамандар бар.  

– Біздің бүгінгі жетістігіміз – есеп үшін жасалған көрсеткіш емес, маңдай термен келген нәтиже. Әр вагонның дер кезінде қозғалысқа шығуы, әр пойыздың қауіпсіз қабылданып-жөнелтілуі – Сексеуіл станциясы теміржолшыларының кәсіби бірлігі мен темірдей тәртібінің айқын дәлелі. Маневр диспетчерінен бастап жүк қабылдап-тапсырушыға дейінгі әр қызметкер өз ісінің маңызын терең сезінеді. Бізді алға жетелейтін күш – жауапкершілік, сенім және ортақ мақсат. Сексеуіл станциясы әрдайым өндірістік тиімділік пен қозғалыс қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, ел экономикасына қызмет етуді абырой санайды, – дейді станция бастығы Абдулхамит Тұрмантаев.  

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда