Жаңаесілдің жетістігі жоғары

Станция тынысы
13.02.2026, 09:16
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаңаесіл станциясы – Қазақстан теміржолындағы стратегиялық маңызы бар ірі торап. Техникалық классификацияға сәйкес мәртебесі мен сипаттамасы бойынша кластан тыс тораптық станция саналады.

Станция маңызды 3 бағытта жұмыс атқарады: Жаңаесіл – Көкшетау, Жаңаесіл – Қостанай, Жаңаесіл – Пресногорьковская магистральдары. Былтыр жүк тасымалын жүзеге асыру бойынша станция жоғары нәтижеге қол жеткізді.  

– Станция жұмыс көлемі жағынан өте ауқымды, себебі мұнда сұрыптау дөңесінде пойыздарды құрастыру және ажырату бойынша үлкен маневрлік жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар Жаңаесіл арқылы Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінен Ресей мен Еуропа бағытына қарай негізгі жүк ағындары, яғни көмір, астық, кен тасымалы өтеді. Станцияда ірі локомотив депосы және вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттері орналасқан. Инфрақұрылымы дамыған, «кластан тыс» мәртебесіне лайық тораптық станция, – дейді Жаңаесіл станциясының бастығы Ерлан Рахымжанов.  

Жалпы, Жаңаесіл станциясында 600-ге жуық теміржол қызметкерлері жұмыс атқарады, олардың қатарында ДС, ПЧ, ШЧ, ЭЧ, ТЧ, ВЧД, Қалпына келтіру пойызы, Жолаушылар тасымалымен айналысатын вокзал қызметі бар. Станциядағы 20 жолдың алтауы бас жол, ал сұрыптау паркінде 14 жол бар.  

– Былтыр жүк тасымалын жоспардан тыс жоғары деңгейде орындадық, іс жүзінде барлығы 213 402 вагон жүк тиелді, бұл дегеніңіз 2 млн тоннадан астам жүк. 2024 жылмен салыстырғанда 159 121 вагон артық жүк тиелген. Пайызбен салыстырғанда өсім 124,4 пайызды құрап отыр. 2025 жылы 78 вагон металлом, 16 454 вагон бидай, 12 459 контейнер, 12 вагон ұнтақталған ұн өнімдері тиелді, басқа да тиелген өнімдер 2361 вагон болды. Жүк түсіру бойынша 1466 вагон көмір, 618 вагон жанар-жағар май, 4919 вагон бидай, 22 вагон дәнді-дақылдар, 548 вагон тыңайтқыш және басқа да 13 658 вагон жүк түсірілді, – дейді станция бастығы.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда