Сағыз станциясында жүк айналымы өсіп, қауіпсіздік нығайды

Станция тынысы
17.02.2026, 09:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Үлкен магистральдың бойында үлкенді-кішілі жүздеген станциялар мен разъездердің әрқайсысының өзіне тиесілі қызметі, атқаратын функциясы бар. Солардың бірі – Атыраудың Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз станциясы.

Ауданға келетін жүктің 80 пайызы темір жол арқылы Сағыз бекетінен тасымалданады. Бүгінгі күнде станцияның теміржол аймағында әр құрылымнан құралған 250-ден аса жұмысшылар еңбек етеді. Олардың дені – жергілікті тұрғындар. Соңғы жылдары жол бойындағы алыс нүктелерге модульді үйлердің орнатылуы да жұмысшылар үшін қолайлы болды. Жолшы, вагоншы, байланысшылар мен энергетиктер бұрынғыдай вахталық әдіспен алыстан қатынамай-ақ, сол үйлердің игілігін көруде. Сонымен қатар Атырау жол дистанциясының өз күшімен станцияда табельдік ғимараты салынып, жергілікті жолшылардың да жаны кіріп қалған жайы бар.  

– Станция мен кірме жолдарда қауіпсіздік қозғалысын бұзу жағдайы, вагондардың бүлінуі сынды жағдайлар былтыр, биыл болған жоқ. Қазіргі уақытта тәулігіне орташа есеппен 26 жұп жүк пойызы өтіп, жүк айналым көлемі жылдан жылға артып келеді, орташа тәуліктік 20-30 пойыз, 175 вагон қабылдануда. 2025 жылдың 12 айында Сағыз станциясы бойынша 9408 пойыз, 556 312 вагон, ал желтоқсан айында 838 жүк пойызы қабылданып, оның құрамында 49 510 вагон болды, ол тәулігіне 1597 вагон. Жүк түсіру жоспары бойынша 4476 вагон түсірілді – 16 жабық, 4002 жартылай вагон, 37 платформа, 421 басқа да вагондар. Жөнелтілген пойыз саны – 9340, вагон – 555 589. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша вагондар да бар. Ол бағдарламаға сәйкес ауданда қазір автожолдар салу қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде Сағыз – Миялы тас жолы қайта салынуда. Оған қажетті қиыршық тас, топырақ, цемент, басқа да құрылыс материалдары станцияда түсіріліп, тасымалдануда, – дейді станция бастығы Серік Сұлтанов.  

Ал станцияда 8 негізгі жол, 4 тұйық бар, жолдың бәрінде жарық жеткілікті. 8 мыңдай халық тұрып жатқан Сағызда жаңа вокзал ғимараты салынып жатыр, құрылысы аяқталуға жақын.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды