Жіңішкенің жүктемесі жоғары

Станция тынысы
26.02.2026, 09:23
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясы – Ақтөбедегі жүктемесі ең жоғары станция. Еуразияның маңызды көлік дәліздері тоғысқан логистикалық нысан десек болады. Мұны станцияның ай сайын белгіленген жоспарды межеге жеткізіп не асыра орындалуынан да көреміз.

Станциядағы жүк тасымалының негізгі үлесін мұнай, қара металл, құрылыс жүктері мен контейнерлік жүктер құрайды. Биыл қаңтар айында ең жоғары көлем қара металлға – 44 485 тонна, контейнерлік жүктерге 23 312 тонна тиесілі. Сонымен қатар химикаттар, құрылыс жүктері, түсті руда және жмық тасымалы да жүзеге асырылды.  Нәтижесінде тек қаңтар айында Жіңішке станциясында 112 мың тонна жүк тиелді. Тәуліктік орташа жүк тиеу көлемі 3642 тоннаны құрап отыр.

Жіңішке станциясының бастығы Талғат Сағыновтың айтуынша, жыл осындай жақсы көрсеткішпен басталды. Жүктелген міндеттеме де, атқарылған жұмыс та көңілден шығады. Шет елдерге жөнелтілетін жүк құрамдарымен жұмыс істейтін станцияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Қызметкерлерге техникалық сабақтар арнайы кестеге сай ұйымдастырылып, тұрақты өткізіледі.    

– Соңғы уақытта темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өту салдарынан жарақат алу мен қайғылы жағдайлар жиілеп тұр. Осыған байланысты теміржол инфрақұрылымындағы қауіпті жағдайлардың алдын алу шаралары күшейтілген. Тоқсан сайын көлік полициясы мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қауіпсіздік кеңесі өткізіліп, проблемалық мәселелер талқылануда. Бұдан бөлек, рейдтік шаралар да күшейтіліп, теміржол бойында бірлескен тексерістер жүргізілуде. Жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жанданды. Теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері жайлы арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Бұл жұмыстарға теміржол мекемелері мен диспетчерлік қызметтер жауапты, – дейді станция бастығы.  

Жүктемесі ғана емес, жауапкершілік жүгі де жоғары Жіңішке станциясының Ақтөбе бөлімшесіндегі ролі ерекше, жалпы жүк тасымалына қосатын үлесі де қомақты.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды