Атырау станциясының тыныс-тіршілігі

Станция тынысы
26.02.2026, 09:36
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен ғасырда қойнауынан қара алтын атқылап, бүкіл одақтың назарын аударған Атырау өңірі үшін теміржолдың орны бөлек. Басқа бірде бір көлік мұндай маңызды болған емес. Мұнайлы өңірдің маңызын арттырған теміржол тасымалы кеше де, бүгін де, ертең де өзектілігін жоймайды.    

Өткен жылы өңірде жүк тасымалы көлемі біраз станцияларда айтарлықтай артқаны анық байқалады. Соның ішінде Атырау станциясының көтерген жүгі қомақты. Атырау – 1 класты телімдік станция, үш бағытта жұмыс істейді: Атырау – Теңдік, Атырау – Махамбет, Атырау – Ақжайық. Станцияға жалғасқан аралықтар біржолды және автобұғаттаумен, станциядағы бағыттамалар мен сигналдар электрлік орталықтандырумен жабдықталған, 9 қабылдап-жөнелту, 6 сұрыптау жолы, аз қуатты дөңес бар. Станцияда вагондардың жөнелтілуі 5 бағытта жұмыс жасайды. Ақсарай түйіспесіне – үш бөліктен тұратын вагондар (жоғары Басқұншақ, Астрахань, Грузия, Әзірбайжан республикалары жолдарына), Мақат бағытында (Орта Азия, Маңғыстау, Қандыағашқа), Ақжайық және Теңдік станцияларына республикаға маңызы бар Атырау мұнай өңдеу зауытына бос және жүк тиелген вагондар сұрыпталып жеткізіледі. Махамбет станциясына – «Ақтөбемұнайгаз», «Қазмұнайгазсауда», «Батыс Риал Сервис» компанияларының атына Оңтүстік, Батыс аймақтарынан шикі мұнай өнімдерімен келген вагондарды сұрыптап, уақытында дайындап жеткізіледі.  

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған жұп және тақ пойыздар саны – 7024, тәулігіне 19 пойыз болды. Ал жөнелтілген пойыздар саны 7785, тәулігіне 21 пойызды құрады. Станцияда құрастырылған пойыздар саны – 4048 пойыз, тәулігіне 11 пойыздан айналды. Қазіргі уақытта Атырау станциясы 3 маневрлік аудан мен тораптағы құрылымдық бөлімшелерді қоса есептегенде жалпы саны 20 кірме жолға қызмет етеді. Әрбір маневрлік ауданда 1 маневрлік локомотивтен жұмыс жасайды, – дейді станция бастығы Бекжан Жиембетов.  

Станцияда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы орын алмаған. Әйтсе де, кірме жолдарда былтыр 2 оқиға тіркелген. Өткен жылы 25 наурызда «Гурьевснаб» ЖШС кірме жолының №0 қосу жолында «Каспиан Констракшн Компани Лимитед» ЖШС кірме жолының 18/0 вагондарын беру кезінде қозғалыстағы 15-ші вагонның 1-ші арбасы 2 дөңгелек жұбымен жолдан шығып кеткен. Басты себебі: жолдың 1556 мм-ден астам жолдың кеңеюі. Екінші, «Каспиан Констракшн Компани Лимитед» ЖШС кірме жолының №2 қосу жолында 0/7 вагонды алу кезінде қозғалыстағы 5-ші вагонның 1-ші арбасы барлық дөңгелек жұбымен жолдан шығып кеткен, мұның да себебі жолдың кеңеюі.  

Бұдан басқа станцияда пойыздар қозғалысы кезінде техникалық құралдар жұмысының бұзылу жағдайы және кіру бағдаршамда пойыздардың кешігуі жағдайлары орын алмаған. Станция бойынша жұмыс өнімділігі де артқан. Орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 0,3 вагон болса, нақты 1,3 вагон тиеліп, 68,4 пайызды құрады. Тоннамен есептегенде 464,8 тонна жүк тиеліп, жоспар 67,6 пайызға орындалған. Вагон саны азайғанымен салмақты жүктер көбейген. Статистикалық салмақ 94,3 пайызға орындалды, себебі ауыр салмақты жүктер түсірілді. Жүк түсіру жоспары 124,6 пайызға жетті.

Былтырғы жылы Атырау станциясында соңғы отыз жыл бойына қолданылып келе жатқан қуат қондырғылары жаңарды. Яғни бұрынғы ПВ-1, ЭЦК, ПРББ, ПВ-220, ПВ-24 қондырғылары жаңа типтегі ПП-ЭЦ-70 түріне ауыстырылды. Станциядағы қуат көздері панельдері жаңартылып, оның жұмысы бұрынғыдан да жақсара түсті. Сонымен қатар бұрынғы функцияларымен қоса ол енді автоматты түрде қосылатын және оны бақылайтын операциялармен толықтырылған. Мәселен, бір фидер ажыратылған жағдайда екіншісі, егер ол да ажыратылса, дизельді агрегат автоматты түрде іске қосылып, станция жолдары қуат көзімен үнемі қамтамасыз етіліп отырады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда