Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды

Станция тынысы
09.06.2026, 09:28
Оқуға 3 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда Бейнеу ауданының шалғайда орналасқан Сам, Тұрыш ауылдарының тұрғындары он жылдан бері «Маңғыстау-Алматы» жолаушылар пойызы арқылы аудан және облыс орталығына, Алматы бағытына қатынап келген. Осы сәуірден бастап аталған жолаушылар пойызы Сам, Тұрыш станцияларына тоқтамайтын болып, ауыл тұрғындарының барыс-келісі қиындап, мәселеге облыстық мәслихат депутаттары араласқан...

Енді міне ҚТЖ басшылығы халықтың сұранысын жерде қалдырмай, қысқа уақытқа болса да пойызды қайтадан аялдайтын етті. 1 мамырдан бастап «Алматы-Маңғыстау» пойызы бұрынғыша осы станцияларға тоқтап өтіп, тұрғындар барар жеріне қиналмай жететін болды. Пойыздың қайта аялдайтынына риза болған халық алғысын жеткізіп жатыр.  

Өйткені қапелімде жүріп тұрған көлігінен айрылып қалған жұртшылық әп-сәтте аяғы тұсалғандай қиналып қалған. Тұрғындардың айтуынша, мұнан бірнеше жыл бұрын бархан құмды қақ жарып өткен қос ішекті темір жол ауыл тіршілігіне жан бітіріп, шексіз қуаныш сыйлаған. Тұрмысын түзеуіне септігін тигізіп, алысын жақындатқан. «Пойыз тоқтамайтын болғандықтан анау-мынау жеңіл көлік те жүре алмайтын құмның ішімен жауын-шашынды күндері барар жерімізге бару қиындады» деген халық ауыл үстімен дүрсілдеп өтетін пойызға міне алмай қалғанына қапалы еді.  

Бұл жайтқа аудан билігі және облыстық мәслихат депутаттары да назар аударған. Көктемгі комиссиялық байқау кезінде тексеріске барған теміржол басшыларына ауыл тұрғындары келіп мән-жайды жеткізіп, пойыздың қайта тоқтауын сұраған. Маңғыстау аймағы бойынша Қозғалыс қауіпсіздігі бас ревизоры, облыстық мәслихат депутаты Болат Дүйсәлиев халықтың тілегін жолаушылар тасымалы компаниясы басшылығына жеткізген.  

– Облыстық мәслихат депутаты Уәйс Ерсайынұлы екеуіміздің атымыздан тұрғындардың тілегі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Д.Нүсіпжановтың атына депутаттық сауал жолдадық. Ол кісіден келген жауапқа орай 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап пойыздардың жаңа қозғалыс кестесі енгізілуіне байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесіндегі маршрут желілері оңтайландырылып, оның аясында жолаушылар пойыздарының 217 аялдамасы алынып тасталғаны белгілі болды. №077/078 «Алматы-Маңғыстау» пойызы фирмалық пойыздар санатына жатады. Фирмалық пойыздар жайлылық деңгейінің, қызмет көрсету сапасының жоғары болуы және жол жүру уақытының қысқа болуымен ерекшеленеді. Талдау нәтижесі аталған пойыздың Сам, Тұрыш станцияларындағы жолау- шылар ағынының көлемі тәулігіне орта есеппен 0,41 жолаушыны құрайтынын көрсеткен. Нақты сұраныс көрсеткіштерінің төмен болуына байланысты уәкілетті орган келісімімен аталған станциялардағы аялдамалар алынып тасталған. Дегенмен, компания басшылығы алдағы уақытта маршруттар желісін оңтайландыру нәтижесі мен тұрғындардан түсетін өтініш, ұсыныстар қосымша талданатыны, жиналған ұсыныстар мен талдау қорытындылары негізінде аталған мәселе белгіленген тәртіппен қайта қаралатынын жеткізген. Ал №079/080 «Қарағанды-Маңғыстау» пойызының жоғарыда аталған станциялардағы аялдамаларды қалпына келтіру мәселесі ұлттық тасымалдаушы құзыретіне жатпайтыны ескертілген. Енді міне мәселе қайта қарастырылып, пойыз қайта тоқтайтын болды. Жергілікті тұрғындардың қуанышында шек жоқ, – дейді Болат Дүйсәлиев.  

Бұл пойыздың жоғарыда аталған станцияларға тоқтамайтын болғаны мыңнан астам адам тұратын аталған елдімекен тұрғындарына қиын тиіп жатқанын өз әлеуметтік желідегі парақшасында жазған Үәйс Ерсайынұлы да компания басшылығына алғысын білдірген. Пойыздың қайта тоқтағанына риза болған желі қолданушылары енді оның аялдау уақытын сәл болса да ұзартуды сұрайды. Олар егде жастағы кісілер мен денсаулығы нашар адамдар 1-2 минуттың ішінде пойызға мініп үлгере алмауы мүмкін дегенді алға тартады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды