Махаббат станциясы

Станция тынысы
23.06.2026, 09:18
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш станциясының маневрлік диспетчері Аймат Жұбанышевты әріптестері он саусағынан өнер тамған шебер деп мақтайды. Айтса айтқандай, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне жауапты маманның ісмерлігі ғажап, бос уақытында металдан ерекше бұйымдар жасап, сурет салып, тіпті сәнді көйлек те тігеді.

Аймат Мұхтарұлы теміржолшылар әулетінде дүниеге келген. Атасы, әкесі, бауырлары мен жұбайы да осы саланың мамандары. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан «Үздік еңбек әулеті» номинациясымен марапатталған танымал отбасы. Бұл – бірнеше буын бойы теміржол саласына адал еңбек етіп келе жатқан әулетке көрсетілген үлкен құрмет.  

Салада 18 жылдық еңбек өтілі қалыптасып үлгерген Аймат 2008 жылы ҚазАТК-ны бітіріп Қандыағаш станциясына жұмысқа орналасады. Еңбек жолын ең төменнен – табандық қоюшы әрі вагон жылдамдығын реттеуші болып бастаған. Кейін 48-разъезде кезекші болады. Оның өміріндегі ең қымбат естеліктер де осы жермен байланысты. Болашақ жарымен дәл сол разъезде танысып, бүгінде үш бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. «Біз үшін 48-разъезд – махаббат станциясы», – дейді ол.  

2020 жылдан бері маневрлік диспетчер қызметін атқарып келе жатқан ол станция торабындағы маневрлік жұмыстарды бақылап, кезекшілер жұмысын үйлестіріп, пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне жауап береді. Әр вагон мен құрамның қозғалысын қадағалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Басшылық Аймат Мұхтарұлын өз ісіне тиянақты, кәсіби маман деп бағалайды.  

Теміржолдағы жауапты қызметпен қатар Айматтың шығармашылық қыры да көпті таңғалдырады. Бос уақытында ол металдан түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Оның қолынан шыққан паровоз бен кеме пішініндегі мангалдар, сәндік композициялар мен ұлттық нақыштағы 3D картиналар ерекше көз тартады. Қажетті материалдарды металл сынықтарынан жинап, қарапайым дүниеге жаңа сипат береді.  

Шебер қызына сәнді көйлек тігіп берсе, балдызының күзгі бал кешіне арналған көйлегіне қозғалмалы қанат ойлап тапқаны керемет. Сонымен қатар еуропалық және шығыс тағамдарын әзірлеп, тәтті торттар пісіреді. Сурет салуға да бейімі жоғары. Бір қызығы, ол өз өнерін табыс көзіне айналдырмаған. Тапсырыс қабылдамайды. Барлығын тек шабытпен, жүрек қалауымен жасайды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды