Соңғы станцияның жүгі ауыр

Станция тынысы
26.06.2026, 12:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты шекара шебіндегі үшінші класты Ауыл станциясы шағын болғанымен жүк және жолаушы тасымалындағы жүгі ауыр.

Ауыл – ұзындығы 119,7 шақырым болатын, теміржолшылар аузымен «Солтүстік тармақ» аталатын Семей – Локоть телімінің ең шеткі нүктесі. Әрі еліміздің Сібірге ашылған қақпасы саналады. Биыл құрылғанына 111 жыл болатын станция соңғы кезде жаңарып, қайта жаңғыруда. Жуырда су жаңа вокзал пайдалануға берілді. Нәтижелі орындалған инфрақұрылымдық дамыту – жүк тиеу мен түсіру, транзиттік пойыздар ағынын реттеуде де зор тиімділік әкелуде. Жаңарған вокзал ғимаратында орналасқан станция жұмысы да қайта жанданып сала берді.  

– Қазіргі күні Ауыл станциясында бір ауысымда ең кемі 15 пойыз өтеді. Алдағы айлардан бастап астық тиеу маусымының басталуына байланысты жүк тиеу жұмыстары күрт ататын болады. Даярлық іс-шараларын қазірден бастап пысықтап жатырмыз, – дейді бұл орайда станция кезекшісі Алмира Күмісова.  

Ауыл – 100-ге жуық теміржолшы тұратын шағын ғана елді мекен болғанымен экспортқа жүк тиеуде алдыңғы қатардан табылатын станция. Аграрлы өңірдің шаруалары негізінен күнбағыс, қарақұмық, бұршақ тұқымдас дақылдарын тиеуге тапсырыс береді екен. Алдағы апталарда күздік қара бидайға орақ түсетіндіктен вагондардың қажеттілігі де артатын болады. Тиелген жүктердің басым бөлігі Семейдегі қамбаларға жөнелтілгенімен кейбірі алыс шетелдерге жіберіледі.  

Яғни, шілде-тамыз айларынан бастап жүк тасымалы бойынша қозғалыс барысы күрт жоғарылайтын болады. Жабық контейнерлерге тиелетін сусымалы тауарды межелі жерге жеткізу станцияның тауар кассасы мен пойыз құрастырушылардың еңбегіне елеулі күш түсіреді. Жалпы, станциядағы көрсеткіштер жыл санап еселеп өсуде. Тасымал қарқыны артқан шақта тәулігіне ең кемі 15 вагонға дейін тапсырыс беріледі екен. Яғни, алдағы апталарда «Шығыс-Астық» ЖШС-на қарасты кірме жолында жылдағыдай қарбалас басталады деген сөз.  

Десек те, қозғалысшылар үшін басты міндет – жабық вагондардың қажеттілігін реттеу, тастанды пойыздарды болдырмау, шекара түбінде жылжымалы құрамдар іркілісін туғызбау. Бұл жылдағы қайталанатын негізгі міндет. Осынау орайда тәжірибелі қозғалысшы, білікті станция басшысы Қарлығаш Мазанқызы бастаған жергілікті теміржолшылар қауымы қозғалыс қауіпсіздігі талабына сай еңбек етіп, жоспарлы шараларды межелі мерзім ішінде орындайтындықтарына бек сенімді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды