Ірі теміржол торабын бағындырған нәзік жандылар

Станция тынысы
30.06.2026, 09:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш станциясы – еліміздегі ең ірі алты теміржол торабының бірі. Кластан тыс станция төрт бағытқа қызмет көрсетеді. Мұнда тәулігіне 6 мыңға жуық вагон өтіп, 4 мыңға жуық вагон сұрыпталады.

Осындай ауқымды жұмыстың тасасында, құжаттан қозғалысқа дейін барлық жауапкершілік жүктелген станцияда еңбек ететіндердің барлығы - әйелдер. 41 нәзік жан иелері еңбек ететін техникалық бөлімнің жұмысы сырт көзге байқала бермесі анық, дегенмен ірі теміржол торабындағы пойыздардың қауіпсіз әрі уақытылы қозғалысында олардың еңбегі қаншалықты ауқымды әрі жауапты екенін бағамдауға болады.  

– Станцияға келген-кеткен әр пойыздың құжаты біздің қолымыздан өтеді. Әр вагонға жеке-жеке құжат дайындалады. Бір құрамдағы 73 вагонның әрқайсысы әртүрлі бағытқа кетуі мүмкін. Қай вагонның қайда баратынын, ішінде қандай жүк барын, салмағы қанша екенін білуіміз керек, мысалы, міне мынау бір пойыздың құжаты, мұнда бір құрамдағы вагондардың бір бөлігі Арысқа, енді бірі Орскіге, Жіңішкеге, Кемпірсайға, Илецк пен Мақатқа жөнелтілетіні көрсетілген. Әр вагонның салмақ нормасы, жүктің сипаттамасы, қозғалыс талаптары да мұқият тексеріледі, – деп бізге тәптіштей түсіндірді техникалық бөлімнің бастығы Сәндігүл Мениязова.  

Сәндігүл Мениязова Қандыағаш станциясында 1985 жылдан бері еңбек етеді. Теміржол саласындағы еңбек өтілі – 41 жыл. Ал техникалық бөлімді соңғы 22 жылдан бері басқарып келеді.  

– Техникалық бөлім қызметкерлері пойыздардың келуі мен жөнелуін тіркейді, тасымал құжаттарын рәсімдейді, вагондардың қозғалысын бақылайды, кедендік жүктердің мерзімін қадағалайды. Құжаттар машинистерге тапсырылып, жүктің дұрыс тиелуі мен тасымалдануы бақылауда ұсталады. Тіпті әр телімдегі қозғалыс жылдамдығына дейін құжаттарда көрсетіледі. Бүгінде біз заманауи цифрлық жүйелермен жұмыс істейміз. Алайда технология қанша дамығанымен, адамның мұқияттылық пен жауапкершілігін ештеңе алмастыра алмайтыны сөзсіз, – дейді «әйелдер пашалығын» басқарып отырған Сәндігүл Мениязова.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды