Жастар форумында қауіпсіздік техникасын трансформациялау қалай жүріп жатқаны айтылды

Трансформация
16.12.2022, 10:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумы аясында өткен іс-шараның бірі «Қауіпсіздік корпоративтік мәдениеттің элементі ретінде» тақырыбына арналған сессия болды.

Бұл сессияда «Қазақтелеком» корпоративтік университетінің HSE&ESG Academy жетекшісі, қауіпсіздік техникасы бойынша он бес жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар Азат Ерғалиев форумға қатысушыларды қауіпсіздік техникасын сақтау әлемінде болып жатқан трансформация туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

– «Өнер – бұл сіз көрген нәрсе емес, басқалардың сіздің арқаңызда не көретіні» деп француз суретшісі Эдгар Дега айтып өткендей, қауіпсіздік саласында да қауіпсіздік техникасының сақталуы әрбір жұмыскердің іс-қимылынан, тіпті, көзге көріне бермейтін әрекетінен басталады. Мысалы, сіз басшылық қызметтегі адамсыз, цехты аралап келе жатып, жолыңызда қоқысты, айталық, бөтелкені көріп қалдыңыз, сіздің әрекетіңіз. Қоқыстың жанынан өте шығасыз, оны жинау жұмысшылардың жұмысы деп немесе біреу тастаған қоқысты өзіңіз жинап, тастағаныңыз үшін адамдарға ұрсып, шу шығарасыз, үшінші әрекет, у-шусыз бөтелкені аласыз да, қоқыс жәшігіне тастай саласыз. Бұл іс-әрекеттің үш нұсқасында, қайсысы дұрыс әрекет дейтін болсақ, сіз өз әрекеттеріңізбен өзгелерге үлгі боласыз. Сондықтан дұрыс әрекет жасау арқылы, біздің жағдайымызда, үшіншісі, сіз қарамағаңыздағы жұмысшыларға үлгі болып, олардың қауіпсіздік техникасын сақтауға тартасыз. Және біздің жұмыстағы, үйдегі немесе сырттағы әрекеттеріміздің балаларымызға, қоршаған ортамызға әсері бар екенін ұмытпағанымыз жөн, – деген Азат Ерғалиев, қауіпсіз іс-қимылға адамдарды тарту жолдарын ұсынды.  

Осы ретте, ол қауіпсіз іс-қимылға адамдарды тартудың жаңа тәсілдемесін қалыптастыру жолында бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысты. Сонымен қатар Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы құзыреттілік, яғни базалық әдістер мен тетіктер, жеке тұлғалармен өзараәрекеттесу, білімді жетілдіре отырып, оны тәжірибеде, күнделікті өмірде, жұмыс барысында қолдану, тағысын тағы тәсілдемелер туралы нақты мысал, пікір алмасу түрінде түсіндіріп, аудиториямен жұмыс істеді. Сессияға қатысқан жас теміржолшылар қауіпсіздік іс-қимылының мәдениетін қалай қалыптастыруды қарапайым ұғынықты тілмен жеткізген Азат Ерғалиевке алғыстарын жеткізіп, бұл тақырыптың қауіпті аймақ – темір жолда жұмыс істейтін адамдарға аса маңызды да қажетті екенін атап өтті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды