2024 жылы локомотивтер паркі 67 бірлікпен толықтырылмақ

Трансформация
02.08.2024, 09:40
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Түркістанда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Асан Үмбетовтің төрағалығымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы локомотив пайдалану депосының жұмысын қорытындылаған кеңес өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС пайдалану және жөндеу департаменттерінің, локомотив депосы бастықтарының, «Қамқор-Локомотив» ЖШС басшыларының қатысуымен өткен жиында алғашқы жартыжылдықта жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалық көрсеткіштері талап үдесінен шығып, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілгені айтылды. Локомотив өнімділігі өткен жылғы деңгейге қарағанда 100,7% орындалса, техникалық жылдамдық 102%, учаскелік жылдамдық 104% өскен. Локомотивтің жүрісі 103,5% атқарылған. Ал локомотивтің пайдалы жұмыс уақыты 13,22 сағатты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101% өскен. Бірінші жартыжылдықта қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларының көрсеткіші төмендеген, сондай-ақ 759 тонна локомотивтердің дизель отынын үнемдеуге қол жеткізілді.  

Биыл 23 нысанға, атап айтқанда локомотив бригадаларының демалыс үйлері мен вагондарға қызмет көрсету пункттерін, әкімшілік ғимараттарға күрделі жөндеу жоспарланған, бүгінде 10 нысанда ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы локомотивтер паркі 67 бірлікпен толықтырылмақ, барлығы 109 заманауи локомотив сатып алынады. Қандыағаш депосында локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарланған, бұл локомотивтерді жөнелту шығындарын және оларды жөндеу құнын төмендетеді. Сондай-ақ локомотив шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспары әзірленіп, онда пайдалану деполары мен жөндеу кәсіпорындарының орналасқан жерлері, локомотивтердің орналасуы, локомотив бригадаларына қызмет көрсету иықтары, демалыс үйлерінің орналасуы, техникалық қызмет көрсету пункттерін жаңғырту және т. б. ескерілетін болады.  

Кеңесте жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген локомотив деполары және локомотивтерді жазғы тасымалдауға дайындау сапасы анықталды. «Бірінші топтағы локомотив депосы (тепловоздар)» номинациясында бірінші орынды Павлодар локомотив пайдалану депосы алса, екінші орын – Қызылорда депосына, үшінші орын Сексеуіл депосына берілді. Ал «Екінші топтағы локомотив депосы (электровоздар)» номинациясы бойынша Арыс депосы топ жарып, Астана депосы екінші орынды еншіледі, ал Екібастұз депосы үшінші орынды қанағат тұтты. «Үшінші топтағы локомотив депосы (тепловоздар)» номинациясында үздік үштікке Атырау, Мақат және Аягөз деполары кірді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды