Кәсіподақ басшылығы диагностика орталығы жұмысымен танысты

Трансформация
19.09.2025, 09:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ҚР Кәсіподақтар Федерациясының басшылығы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикалау орталығы» филиалы ұжымымен кездесті. Жиын мақсаты – өндірісте еңбек қорғауды, пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету, еңбек ұжымының әлеуметтік мәселелерін талқылау, еңбек қатынасындағы өзекті мәселелер мен кәсіподақтың рөлі туралы пікір алмасу.

Соңғы жылдары Жол диагностикалау орталығына заманауи технологиялар кеңінен енгізіліп, соның нәтижесінде қызметкерлердің еңбек жағдайын жасауда бірқатар өзгерістер орын алуда. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған топ сол өзгерістермен танысу үшін орталық ғимаратын аралап, мобильді диагностикалау кешендерінің жұмысын қарап көрді.  

– Біз теміржолдың үш бағыты бойынша диагностика жасаймыз. Ұлттық компанияның ең басты құндылығы – адами ресурс. Олардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды, сондықтан жылдан жылға оларды ақаутапқыш арбаларынан мобильді кешендерге көшіріп жатырмыз. Соңғы 10 жылда бізде цифрландыру бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Теміржолды диагностикалау үшін 594-тен астам бақылау құралдары пайдаланылуда. Орталық компанияның құрылымдық бөлімшелерімен жол шаруашылығы объектілерінің элементтерін сынау, диагностикада жаңа техника енгізу кезінде өзара бірлесе жұмыс істейді. Сондай-ақ диагностикалау нәтижелері туралы талдамалық, анықтамалық материалдар дайындайды және сондай құралдар арқылы алынған деректер негізінде пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыру немесе төмендету туралы ұсыныстар береді. Осы жұмыстарды штаттағы 1000-нан астам адам атқарады, – дейді аталған орталықтың директоры Аслан Ақашев.  

Қырқыншы станциясында орналасқан орталықтың бас ғимараты 1979 жылы салынған, оны ұжым өз күшімен заманауи талаптарға сай жөндеп алған. Сонымен қатар мекеме аумағында өздері салған үш темір жолда баланстағы диагностикалық кешендер кезегімен келіп тұрады, жабдықталып, қандай ауа-райына қарамастан алыс жұмыс сапарларына аттанады.  

Ай сайын орталықтың осындай кешендері 21 мың км теміржолды диагностикадан өткізеді. Он бес күндік вахталық тәсілмен арнайы жабдықталған мобильді диагностикалық зертханалары (МДЗ) бар вагондар Қазақстан бойынша теміржолдарды тексеріп, ақаулықтарын анықтап қайтады. Кездесу кезінде сол мобильді диагностикалық зертханалардың, мобильді диагностикалық кешендердің, ақаутапқыш, жол өлшегіш вагондардың жұмысы көрсетілді. 2023 жылы әкелінген шағын МДЗ-лардың жұмысы үлкен техника көре алмайтын жерлердегі ақауды табуға бағытталса, 2016 жылы алғаш пайдалануға берілген МДК вагондары жан-жақты бейнебақылау арқылы рельстердің қисық, түзулігін, ауытқуын анықтайды. Осындай кешендердің әрбірінің өз басшысы мен ауысымдық қызметкерлері бар. Кәсіподақ өкілдері бас ғимарат ішінде ақауларды расшифровкалау және бүкіл тексеруден кейінгі ақпараттар түсетін кабинеттерді аралады, ондағы теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын және жалақысы туралы сұрады. Жиын соңында федерация басшысы орталық жұмысы мен ондағы теміржолшыларға жасалған еңбек жағдайына оң баға беріп, қызметкерлердің Ұжымдық шарттағы міндеттер мен жеңілдіктер туралы сұрақтарына жауап берді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды